Астанада қалай волонтер бола аласыз Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 22.09.2022Сондай-ақ қараңыздар:
Волонтёрлік (лат.voluntarius — ерікті) — бұл өзара көмек пен дербес көмектің дәстүрлі түрлерін, барша жұртшылықтың игілігі үшін ақшалай сыйақыны есептеусіз, ерікті жүзеге асырылатын қызметтерді ресми көрсету және азаматтық қатысудың басқа да түрлерін қоса алғандағы кең ауқымды қызмет.
Осылайша, волонтерлік – бұл басқалардың игілігі үшін төленбейтін саналы, ерікті қызмет. Басқалардың игілігі үшін саналы да риясыз еңбек еткен кез келген адам волонтер болып аталады.
Волонтерлік қызметке мыналар жатады: экологиялық қозғалыстар, ағаштар, гүлдер отырғызу, халықтың қауқарсыз тобына: кәрі адамдарға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, үйсіздерге көмек; СӨС насихаттау; ірі қалалық, халықаралық іс-шаралар, фестивальдар, интернет-еріктіліктерді ұйымдастыруға көмек.
Волонтерлік еңбекақыны көздемейді, бірақ көптеген артықшылықтар береді: адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына, тәжірибе мен жаңа машықтарға үйренуіне, өзін қызметтің түрлі салаларында байқап көру мүмкіндігін береді.
Астанадағы белсенді волонтерлік қозғалыс ресми VII Қысқы Азия ойындарынан басталды. Бүгінгі таңда Астанада волонтерлік мәдениетті қалыптастыру және қолдау мақсатында 2010 жылы құрылған Ұлттық Волонтерлік Желі бар. Үш жыл ішінде ҰВЖ волонтерлерді оқыту бойынша көп жұмыс атқарды. 2010 жылы ЭСКАТО елдері конференциясының волонтерлері үшін тренингтер өткізілді, 2011 жылы году Ұлттық Волонтерлік Желі 200-ден астам волонтер-лидерлерді VII Қысқы Азия ойындарына оқытты. Сондай-ақ ЕҚЫҰ форумы үшін еріктілерді даярлады, 2012 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына, Астана қаласында өткен 2019 World PARA Powerlifting Championships және басқа да көптеген іс-шараларға волонтерлер үшін іріктеу және тренингтер ұйымдастырылды. Бұдан басқа, тұрақты түрде Волонтерлер мектебі өткізіледі.
Ұйымдастырушылық волонтерліктен басқа әлеуметтік те бар. "Best For Kids" қоғамдық қоры балалар үйіндегі балаларды әлеуметтендіру үшін құрылған. Қор волонтерлері Астана қаласынан 120-140 шақырым жерде орналасқан Ақкөл және Жолымбет екі балалар үйіне мастер-класстар, тренингтер, спорт және мәдени іс-шаралар өткізеді. Волонтер болу үшін көмектесуге және қоғам игілігі үшін жақсы істер атқаруға ниет болса жеткілікті. Еске салайық, 2020 жыл Қазақстан Республикасында еріктілік жылы болып жарияланды.
ЮНИСЕФ-тің волонтерлік бағдарламасы
Егер сіз бакалавр деңгейіне ие болсаңыз, бірнеше жылдық жұмыс тәжірибеңіз болса және дамушы елдерде ұзақ мерзімді волонтерлікке қызығушылық танытсаңыз, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер Бағдарламасына (UNV) тіркелуіңізге болады.
Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының БҰҰ жүйесінің әр түрлі ұйымдарында, оның ішінде ЮНИСЕФ-тегі түрлі тапсырмаларды орындау үшін еріктілерді жалдайтын Бағдарламасы. Өтінімдер мен процедуралар туралы ақпарат UNV веб-сайтында орналастырылған.
ЮНИСЕФ стипендиялар мен гранттар бермейді.
Ұйымдар атауы |
Миссиясы |
Қызмет саласы |
Заңды мекен-жайы |
Басшының аты-жөні, байланыстары |
«ASTANA» Жастар даму орталығы» ҚБ |
Біз жастарды достық пен өзара көмектің жалпы қағидалары арқылы, біздің әріптестеріміз, достарымыз бен өз ісінің мамандарының волонтерлік және дамумен тығыз байланысты жобаларда белсенді қатысуы арқылы тәжірибесінен идеялар мен жақсы үлгілердің көмегімен дамытамыз |
Қоғамның оң дамуына бағытталған волонтерлік және басқа да жастар бастамаларын дамыту және ілгерілету |
Астана қ., 01000, Тілендиев к., 15/4-198 |
Шабаев Никита Юрьевич +7 701 935 60 32 In-fo@ydc.kz http://vk.com/astanaydc |
«Best For Kids» ҚҚ |
Ерікті бастамамен балалар үйінде тәрбиеленетіндерді әлеуметтік бейімдеу бойынша жобаны іске асыру |
Балалар үйі, сондай-ақ тәрбиеленушілер оқитын колледждер |
«Best For Kids» ҚҚ, Астана, Қазақстан |
Шабаев Никита Юрьевич +7 701 935 60 32 Алия Пистаева +7 701 531 57 18 info@bestforkids.kz |
«Океан - Арт» Арт-терапия шығармашылық орталығы» ҚБ «Океан - нАрт» |
Қазақстандағы арт-терапияны дамыту. Замануи технологияларды қолданып, мәдени, сауықтыру және экологиялық іс-шаралар деңгейін байыту |
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалту |
Астана қ., Кабанбай батыр к., 4 |
Татенова Гульмира Сайлаубековна + 7 701 473 70 61 Kerei69@mail.ru |
«Үнсіз әлем/ Безмолвный мир» қоғамдық қоры |
Есту қабілетттері шектеулі адамдарды, саңыраулығы бойынша екі ата-анасы да мүгедек балаларды қолдау |
Шеберханалар ашу. Мүгедек кәсіпкерлерді қолдау, «Сурдоаударма диспетчерлік қызметі»; Саңыраулығы бойынша екі ата-анасы да мүгедек балаларды қолдау |
Астана қ., Абылай-хан даңғ. 49/3 |
Тулепбергенова Мария Лукпановна 8 (7172)44 76 49 +7 707 057 77 77 Surdo.m@mail.ru |
«ДОС» Тәуелсіздік өмір» орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі |
Астана қаласындағы мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау және мүдделерін ілгерілету |
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоғам өміріне белсенді қатысу үшін тартуға бағытталған жобаларды іске асыру |
Астана қ., 5 ш-а., 9 үй, 1 п. Брусиловский к. 17/3, 407 кеңсе |
Ердилдинова Дина 8 (7172) 46 65 68, 56 97 71 Cnch_dos@mail.ru |
«Нұр Әлем Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры |
Қазақстан Республикасында қайырымдылық мәдениетін дамыту |
Қауқарсыз отбасының балалары, БЦП және мүгедек балалары бар отбасыларға |
Астана қ., Петров к. 32/1 Қажымұқан к., 14 |
Коновалова Н.Б. 8 (7172) 35 41 20 fondn@mail.ru |
«Адам денсаулығы Институты» жастар қоғамдық бірлестігі |
Жұртшылықты ағартушылық |
Денсаулық сақтау және экология |
Астана қ., Сығанақ к., 9 үй, 17 п. |
8 (7172) 44 59 41 Dima41082@mail.ru |
Global Shapers Community in Nur-Sultan – Астана қаласының Жас көшбасшылар қоғамы. |
Қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына оңтайлы қалыптасуына бағытталған жасөспірімдер бастамалыры қалыптастыру және қолдау |
Қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына оңтайлы қалыптасуына бағытталған жасөспірімдер бастамалыры қалыптастыру және қолдау |
Астана қ., Кабанбай батыр д., 53, С3 блогы, 3,007 кеңсе. |
Айман Едигеева a.kayirbek@gmail.com, Инна Филипович i.filipovich@gmail.com www.globalshapers.org astanashapers@gmail.com |