Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 06.10.2021Пайдалы сілтемелер:
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес біздің елде ұлттық мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі.
Ұлттық мерекелер – Қазақстандық мемлекеттілікті дамытуға маңызды ықпал ететін ерекше тарихи маңызы бар оқиғаларды атап өтуге Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мерекелеу орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы ресми іс-шараларды өткізумен жалғасады. Бүгінгі таңда ұлттық мереке тек Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып табылады.
Мемлекеттік мерекелер – қоғамдық-саяси мәні бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді тойлау ресми іс-шараларды жүргізумен жалғасуы мүмкін.
Кәсіби және өзге де мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.
Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды, бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі болып табылады.
1. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні |
– 10 қаңтар |
1-1. |
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні |
– 15 ақпан |
2. |
Алғыс айту күні |
– 1 наурыз |
3. |
Жерге орналастыру, геодезия және картография күні |
– наурыздың екінші сенбісі |
4. |
Геолог күні |
– сәуірдің бірінші жексенбісі |
5. |
Ғылым қызметкерлері күні |
– 12 сәуір |
6. |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні |
– 21 сәуір |
6-1. |
Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні |
– 17 мамыр |
7. |
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні |
– 21 мамыр |
8. |
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні |
– 31 мамыр |
9. |
Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні |
– мамырдың соңғы жексенбісі |
10. |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні |
– 4 маусым |
11. |
Эколог күні |
– 5 маусым |
11-1. | Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні | – 7 маусым |
12. |
Полиция күні |
– 23 маусым |
13. |
Мемлекеттік қызметші күні |
– 23 маусым |
14. |
Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні |
– маусымның екінші жексенбісі |
15. |
Медицина қызметкері күні |
– маусымның үшінші жексенбісі |
16. |
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні |
– 28 маусым |
17. |
Дипломатиялық қызмет күні |
– 2 шілде |
17-1. |
Ұлттық домбыра күні |
- шілденің бірінші жексенбісі |
17-2. |
Су шаруашылығы қызметкерлері күні |
– 9 шілде |
18. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні |
– 13 шілде |
19. |
Балық шаруашылығы қызметкерлері күні |
– шілденің екінші жексенбісі |
20. |
Металлург күні |
– шілденің үшінші жексенбісі |
21. |
Сауда қызметкерлері күні |
– шілденің төртінші жексенбісі |
22. |
Көлік қызметкерлері күні |
– тамыздың бірінші жексенбісі |
22-1. |
Абай күні |
– 10 тамыз |
23. |
Құрылысшы күні |
– тамыздың екінші жексенбісі |
24. |
Шекарашылар күні |
– 18 тамыз |
25. |
Спорт күні |
– тамыздың үшінші жексенбісі |
26. |
Шахтер күні |
– тамыздың соңғы жексенбісі |
26-1. |
Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні |
– 29 тамыз |
27. |
Білім күні |
– 1 қыркүйек |
28. |
Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні |
– қыркүйектің бірінші жексенбісі |
29. |
Отбасы күні |
– қыркүйектің екінші жексенбісі |
30. |
Қазақстан халқы тілдері күні |
– 5 қыркүйек |
31. |
Атом саласы қызметкерлері күні |
– 28 қыркүйек |
32. |
Әділет органдары қызметкерлері күні |
– 30 қыркүйек |
33. |
Машина жасаушы күні |
– қыркүйектің соңғы жексенбісі |
34. |
Еңбек күні |
– қыркүйектің соңғы жексенбісі |
34-1. |
Қарттар күні |
– 1 қазан |
35. |
Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні |
– 6 қазан |
36. |
Мұғалім күні |
– қазанның бірінші жексенбісі |
36-1. |
Қазақстан кәсіптік одақтарының күні |
– 10 қазан |
36-2. |
Нан күні |
– 16 қазан |
37. |
Құтқарушы күні |
– 19 қазан |
38. |
Орман шаруашылығы қызметкері күні |
– қазанның үшінші жексенбісі |
39. |
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні |
– қазанның соңғы жексенбісі |
40. |
Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні |
– 29 қазан |
41. |
Сыртқы барлау күні |
– 5 қараша |
42. |
Статистика күні |
– 8 қараша |
42-1. |
Энергия үнемдеу күні |
– 11 қараша |
43. |
Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі |
– 15 қараша |
44. |
Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні |
– қарашаның үшінші жексенбісі |
45. |
Прокуратура күні |
– 6 желтоқсан |
46. |
Энергетик күні |
– желтоқсанның үшінші жексенбісі |
47. |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні |
– 20 желтоқсан |
48. | Aрхивші күні | – 22 желтоқсан |