Электрондық сервистер Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 27.08.2021Сондай-ақ қараңыздар:
Электрондық сервистер:
Бүгінде қазақстандықтар үйден шықпай-ақ кез келген уақытта “Жеке кабинет” арқылы жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме мен зейнетақы шотының бар-жоғы туралы анықтама ала алады. Егер Қор сайтында ЭЦҚ арқылы авторланатын болсаңыз, онда жеке деректемелер мен хабарлау тәсілін өзгерту туралы онлайн өтініш бере аласыз.
Зейнетақы калькуляторы болашақ зейнетақыңыздың мөлшерін жобалап есептеуге көрнекті әрі оңай көмектеседі. Ал “ерікті жарналар мөлшерлемесі” жолына белгілі бір пайызды қоссаңыз, қосымша жарналар салғанда зейнетақыңыздың қаншалықты көбейетіндігін біле аласыз.
Қосымша арқылы сіз кез келген уақытта жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйін бақылап, Қор жаңалықтарын біле аласыз, ең жақын кеңсенің қай жерде екенін көріп, байланыс орталығына хабарласа аласыз. Авторлану үшін enpf.kz ресми сайтына қолданылатын логин мен құпия сөзді енгізу қажет.
Сіз біздің мамандарымызға кез-келген күні өзіңіз қалаған уақытта «кері қоңырауға» тапсырыс бере аласыз. Күнделікті сағат 9.00-дан 19.00-ге дейін.