«Электрондық салық әмияны» «E-salyq-Azamat» мобильді қосымшасы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 01.04.2021

2020 жылдан бастап «Электрондық салық әмияны» «E-salyq-Azamat» мобильді қосымшасы іске қосылды. Оны App Store немесе Play Market-тен (әрі қарай өту үшін басыңыз) тегін жүктеп алуға болады.

Сервис азаматтарға дайын деректемелер бойынша төлем жүргізу мүмкіндігімен бір мезгілде оны төлеу мерзімі басталғанға дейін алдағы салық сомасын білуге мүмкіндік береді. Бұрын салық төлеушіге банкке бару, кезекте тұру, банк комиссиясын төлеу, салықты төлеу үшін көптеген деректемелер мен кодтарды таңдау қажет болатын. 

Бұдан басқа, Салық әмиянында мүлікке, жерге және көлік құралына қолда бар салық салу объектілері бойынша онлайн толтыруды, автотасымалдауды және қарауды жүргізуге болады. Салық салу объектілері бойынша деректерді түзетуге уәкілетті мемлекеттік органдарға электрондық өтінімдерді жіберу мүмкіндігі іске асырылды, осылайша біз салық төлеушілерді бас артық инстанциялар бойынша жүруден сақтаймыз. 

Мобильді қосымшада қандай сервистер бар 

Қосымшаның негізгі мәзірінде бірқатар электрондық қызметтер: 

- «Электрондық салық әмияны» 

- Салық салу және түзету объектілері бар

Белгілі болғандай, жеке тұлғалар жыл сайын жылжымайтын мүлік объектілері, көлік құралдары, жер учаскелері бойынша мемлекеттік органдардың деректер базасының өзектілік проблемасымен бетпе-бет келген. 

Бұл проблеманы шешу үшін 2019 жылғы қаңтардан бастап дерекқорларды өзектендіру жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді, оның құрамына ҚМ, ІІМ, ЦДИАӨМ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, «ҰАТ» АҚ техникалық өкілдері кірді. 

- «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» бұл қызметкерге жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарауға мүмкіндік береді.

Бұл азаматтық бақылаудың бір түрі, онда қызметкер қандай кірістер көрсетілгенін және жинақтаушы зейнетақы қорларына және басқа қорларға есептеулер жүргізілгенін өзі тексере алады. 

- «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы Сервис» (берешекті бір мезгілде төлеу мүмкіндігімен тексеру); 

- «ЖТ және ДК алдағы төлемдер сервисі» (салықтар бойынша болашақ төлемдерді тексеру); 

- «Калькулятор» (көлікке салынатын салықты және ЖТС, өсімпұлды есептеу); 

- «БЖТ төлемі» (ЕХӘҚМ және «Қазпочта» АҚ интеграция жүргізілді»); 

- «Электрондық кезекті Онлайн брондау» (кезекті МКО бармай-ақ брондау); 

- «Салық төлеушілерді іздеу» (салық есебінің бар болуын тексеру); 

- «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» (азаматтық-құқықтық шарттар жасау кезінде тіркелуі тәуекелдерді бағалау үшін жарамсыз деп танылған жалған кәсіпорынның мәртебесін тексеру); 

- «Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы және салық есептілігін кері қайтарып алу туралы мәліметтер»;

- «Анықтамалықтар» (бизнес субъектілерінің тізілімдері, ЕТЖ, АЕК, МКО анықтамалары, МКК АЖ-мен оларды жедел өзектендіре отырып біріктірілген)); 

- «Салық күнтізбесі» (декларацияларды табыс ету мерзімдері, салықтарды төлеу мерзімдері); 

- «Шағымдардың электрондық кітабы»;

- «Жиі қойылатын сұрақтар». Мұнда МКК байланыс орталығына келіп түсетін өзекті сұрақтарға жауаптар бар (күніне шамамен 1,5 мың қоңырау түседі). Жеке тұлғалардан сұрақтардың 60%-ға жуығы салық салу объектілері бойынша салықтарға, берешекке, салық төлеу мерзімдеріне қатысты келіп түседі. 

E-Salyk Azamat мобильдік қосымшасында жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 есептілік нысаны) ұсыну бойынша сервис іске асырылды.
 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.