Айдар парағына өту

Мүлік салығын төлеу: қайда, қалай және қанша Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 01.12.2022

КалькуляторМүлік салығын төлеу: қайда, қалай және қанша

Салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан:

1. оларға меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжайлар, гараждар, автотұрақтар және басқа да ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар;

2. жеке тұлғалардың меншiк құқығындағы жер учаскелерi.

Мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды

  1. Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар – Салық Кодексінің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде;
  2. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар:
  • тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
  • үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

  • құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

  • гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

  • Салық Кодексінің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде;

  1. жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:

  • тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

  • үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

  • құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

  • гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

  • Салық Кодексінің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектiлері бойынша;

  1. бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі:

  • тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

  • үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

  • құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

  • гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

  1. "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көпбалалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер:

  • тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

  • үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

  • Салық Кодексінің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде.

  1. салықтық база Салық Кодексінің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салықты салық органдары Салық Кодексінің 532-бабына сәйкес есептейтін тұрғынжайлар мен басқа да объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер;

  2. көппәтерлі тұрғын үй алып жатқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша жеке тұлғалар – пәтердің (бөлменің) меншік иелері.

Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау

  1. Мемлекеттік мекеме салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi Салық кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.
  2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
  3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсу бойынша осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.

Бұл ретте меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілген бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға арналған өтініште көрсеткен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.

Салықты есептеу мен төлеу тәртібі 

Мүлік салығының мөлшерлемелері қанша?

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.