Айдар парағына өту

ҚР аңшылық билетті қалай алуға болады? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 18.09.2020

Аңшы куәлігін беру тәртібі

Аңшы куәлігін тұрғылықты жері бойынша 10 жылға аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының  филиалдары мен өкілдіктері береді.

Аңшы куәлiгiмен бiр мезгiлде қауымдастық филиалдары мен өкілдіктері мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбіртек қоса тіркелетін аңшының есепке алу карточкасын толтырады, содан кейін аңшының жеке iсi қалыптастырылады.

Жеке тұлғалар аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғанға дейін аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлық курсынан өтеді.

Аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлық курсынан өткеннен кейін жеке тұлғаға қолданылу мерзімі 1 жылдық сертификат беріледі, осы мерзім ішінде жеке тұлға аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырады.

Аңшы куәлігін алу үшін жеке тұлғалар қауымдастық филиалына немесе өкілдігіне сауалнама ұсынады.

 

Талап етілетін құжаттар:
1) ҚР  азаматының жеке куәлігінің көшірмесі (азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік азаматтар үшін - төлқұжатының және ҚР аумағында болуының заңдылығын растайтын құжаттың көшірмесі);

2) көлемі 3x4 сантиметр фотосуреттер (түрлі-түсті) - 3 дана;

3) аңшылық минимум бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификаттың көшірмесі (ҚР азаматтары үшін).

4) аңшы куәлiгiн (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшiнтуралы төлем тапсырмасының көшірмесі.

Құжаттарды тапсырғаннан кейін куәлікті беру мерзімі – 10 күнтізбелік күннен артық емес.

  • Қолданыс мерзімінің аяқталуы, жоғалуы немесе қолданыс мерззімі аяқталғанға дейін жарамсыздыққа келсе, аңшының есеп карточкасының негізінде жүргізіледі.
  • Аңшыларды есепке қою және есептен алу олар аумағында аңшы куәлігі берілген әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінен тыс тұрғылықты тұру үшін көшкен жағдайда жүргізіледі.
    Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (облыс) шегiнде аңшының тұрақты тұратын жерi өзгерген кезде, сондай-ақ аңшы куәлiгi мен есепке алу карточкасында ескерілетін басқа да деректер өзгерген кезде аңшы 30 күнтізбелік күн iшiнде болған өзгерiстер туралы өзi есепте тұрған жерге хабарлайды.

Балықшы куәлiгiн беру тәртiбi

Қорықшы куәлiгiн беру тәртiбi

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.