«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің инфографикасы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 21.09.2022

Сіз қызметті келесі әдістермен ала аласыз:

  1. Еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефонның көмегімен.

Азаматтарға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы дайын нәтижені берумен, кағаз нұсқасында соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы апостильмен алуда «электронды үкімет» веб-порталы арқылы өтінімді электронды түрде беру мүмкіндігі ұсынылды.

*Өтінімді электронды түрде берген жағдайда, қызмет нәтижесін қағаз жүзінде алу үшін порталда Мемлекеттік корпорацияның филиалының мекен-жайын таңдау қажет. Апостиль қойылған анықтаманы алу қажет болған жағдайда, порталда мемлекеттік баж салығын онлайн тәртібінде төлеу мүмкіндігі көзделген. Баждың көлемі 1262,5 теңге.

  1. ҚЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан: жеке басты куәландыратын құжат; басқа тұлғалардың мүддесін білдірген кезде нотариатпен бекітілген сенімхат.

Апостиль бар анықтаманы тек КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан ала аласыз, ол үшін 0,5 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік баж салығын төлеу Астана қ. Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ж/ш 108125, ҚР ҚМ kkmfkz2a, е/ш kz24070105, ksn0000000, БСН 981140001105, КНП 911, 991 реквизиттері негізінде жүргізіледі.

  1. Үшінші тұлға: үшінші тұлға сізге қатысты анықтаманы алу үшін (мысалы: жұмыс берушімен) веб-порталда «Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі» қызметі бар, онда мәліметтер тек Сіздің келісіміңіз болғанда беріледі!

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.