Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат келесі жағдайларда берілмейді немесе жаңартылмайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер.
Корпоративті трансферт шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат келесі жағдайларда берілмейді немесе жаңартылмайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер.
«Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі -Заң) 36-1 бабы 2 тармағына сәйкес шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және жұмыс берушілерге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру туралы нормалар:
- дербес бiлiм беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бiлiмдi;
- мемлекеттік органдарда жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртіппен расталған құжаттары бар;
- Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының ұйымдарында жұмыс істейтін, сондай-ақ, аталған заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздестіру және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге тартатын ұйымдарда басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсiптер тізбесіне және санына сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтін;
- құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалары бар, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтар аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде орындаушы ретінде және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бiрлескен шешiмiмен бекітілген тәртіппен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және мүдделі мемлекеттік орталық орган өкілдері арасынан комиссия айқындайтын санаттар тізбесіне және санына сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;
- экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуға келген;
- Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды;
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
- шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары ретінде жұмыс істеу;
- жергілікті атқарушы органдардан еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат талап етілмейтін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын адамдардың тізбесінде көзделген;
- «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінде немесе «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің қатысушыларында менеджерлер мен жоғары білімді мамандар лауазымында жұмыс істеу.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы №1041 қаулысымен бекітілген олардың еңбекі қызметін жүзеге асыру үшін шетел жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсат талап етілмейтін тұлғалар тізбесі көзделген:
- қандастар;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін келген бизнес көшіп келушілер;
- босқын немесе пана іздеп жүрген адам мәртебесiн алғандар;
- «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес гуманитарлық уәж бойынша көшіп келушілер болып табылатындар;
- Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан айыруға, шартты, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауға сотталғандар;
- адам саудасымен байланысты нақты қылмыстық істі жүргізу кезеңінде сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін адам саудасының құрбандары болып табылатындар;
- Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатымен келетін, кәмелеттік жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматының жұбайы (зайыбы) болып табылатын және кемінде үш жыл Қазақстан Республикасы заңнамасында танылған некеде тұратындар;
- Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын және сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оқудан бос уақытында жұмыс iстейтiндер;
- 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатындар;
- теңіз және өзен кемесінің, әуе және теміржол көлігі экипажының мүшелері болып табылатындар;
- әртiс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, спортшы және жаттықтырушы болып жұмыс iстейтiндер;
- "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары және органдары тартатындар;
- Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын, ғарыштық зымыран кешенін құру және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі мамандар болып табылатындар;
- Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымдарында ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын, ал халықаралық интеграцияланған білім берудің оқыту бағдарламаларын іске асыратындар үшін ұйым штатының 50 пайызынан аспайтын педагогикалық қызметтi жүзеге асыратындар;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ерекше мәртебе берiлген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатарындағы, сондай-ақ жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар басшылар және жоғары білімді оқытушылар лауазымдарында жұмыс істейтіндер және экономика салалары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асырушылар;
- жарғылық капиталында қатысу үлесінің жүз пайызы шетелдік болып табылатын қазақстандық заңды тұлғаның бірінші басшысы және оның орынбасары болып жұмыс істейтіндер (осы лауазымдар бойынша бір бірліктен аспайды);
- жиынтық мерзімі күнтізбелік бір жыл бойы күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайтын іскерлік мақсаттағы қызметтік іссапарда жүрген адамдар;
- Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшаға шаққанда 50 миллион АҚШ долларынан астам сома инвестицияға келісімшарт жасаған ұйымдардың бірінші басшылары және қызметтiң басым түрлерiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын және инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiмшарт жасаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiндер;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құжаттары расталған жоғары білімі бар құрылымдық бөлімшелер басшыларынан төмен емес лауазымдарда ұлттық басқарушы холдингте жұмыс істеу;
- ұлттық басқарушы холдингтің директорлар кеңесінің мүшелері ретінде жұмысқа қабылданды.
- отбасы мүшелерін, сондай-ақ асырауындағы адамдарды қоспағанда, инвесторлық виза алғандар;
- «TURAN» арнайы экономикалық аймағы қызметінің басқарушы үйлестірушісі ретінде жұмыс істейтіндер.