Айдар парағына өту

Enbek.kz - электрондық еңбек биржасы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 26.05.2023

www.enbek.kz логотипі

Электрондық еңбек биржасы enbek.kz (бұдан әрі - ЭЕБ)  жұмыс іздеу және қызметкерлерді іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді ұсынатын жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады.

Бүкіл Республика бойынша бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы ақпарат күн сайын әр түрлі дерек көздерден жаңартылады:

- жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерден;

-бос жұмыс орындар мен жұмыс іздеушілердің мемлекеттік деректер базасынан (халықты жұмыспен қамту орталықтарымен құрылатын мемлекеттік деректер базасымен интеграция);

- жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріме;

- жұмыспен қамту бойынша онлайн-алаңдарымен.

 ЭЕБ порталы пайдаланушыларға келесідей мүмкіндіктер береді:

- бос жұмыс орындары мен түйіндемелер дерекқорына онлайн-қолжетімділік алуға;

- «жеке кабинетті» тіркеу және бос жұмыс орнын немесе түйіндемені жариялауға;

- жіберілімге жазылу және өзінің электрондық поштасына порталда жаңадан жарияланатын бос жұмыс орындары мен түйіндемелер туралы ақпаратты, берілген критерийлерге (қызмет саласы, кәсібі, өңірі) сәйкес алуға;

- үн қату мен сұхбаттасуға шақырулардың режимдерін қолдана отырып, жұмысқа қабылдану немесе жұмысқа қабылдауға;

- халықты жұмыспен қамту орталықтарына өзекті бос жұмыс орындар туралы мәліметтерді онлайн режимінде беруге;

- онлайн режимінде статистикалық есептілікті ұсыну;

- кәсіби бағдарлауды анықтау үшін тест өту және тест нәтижелеріне сәйкес порталда бос жұмыс орнын табу;

ЭЕБ қызметкерлерді іздеу және қызметкерлерді іріктеу сервистері үнемі кеңеюде және қазіргі уақытта мыналарды қамтиды:

- көрсетілген кәсіби дағдыларының негізінде бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеу;

- жалпы конкурс шарттарына байланысты мемлекеттік қызметке жұмысқа орналастыру бизнес-процессін автоматтандыру;

- денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардың түлектерін онлайн-режимде жұмысқа орналастыру;

- Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы;

- Мүгедектігі бар адамдар үшін ұсынылатын кәсіптер мен кәсіптердің атласы;

ЭЕБ азаматтарға онлайн-режимде жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтерді ұсынады:

- жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу;

- тұрақты жұмыс орнына лайықты бос жұмыс орындарын іріктеу;

- жұмыссыз мәртебесін алу;

- жұмысынан айрылған жағдайдағы әлеуметтік төлем;

- жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларына қатысу;

- жұмыс күші артық аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға қоныс аударуға өтініш беру;

ЭЕБ халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту үшін жаңа мүмкіндіктер қосады, азаматқа жаңа жұмыс табуға, ал жұмыс берушіге қажетті кадрларды, оның ішінде елдің басқа аймақтарынан таңдауға да мүмкіндік береді.

ЭЕБ-на тіркелу, бос жұмыс орындары мен түйіндемелердің деректер базасына қолжетімділік, бос жұмыс орындарын, түйіндемені және басқа ақпараттарды жариялау тәулік бойы және ақысыз қамтамасыз етіледі.

Түйіндеме жариялау мен бос жұмыс орындарының жазылымдарына жазылу бойынша ЭЕБ сервисіменeGov mobile мобильді қосымшасында да қолдануға болады.

ЭЕБ-мен жұмыс және қызметкерлерді іздеу - жылдам, ыңғайлы және оңай!

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.