Айдар парағына өту

Жеке кәсіпкерді онлайн режимінде қалай тіркеуге болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 04.06.2020

Егер сіз алғаш рет өзіңіздің шағын бизнесіңізді ашуды шешсеңіз және неден бастау керектігін білмесеңіз, онда біз жеке кәсіпкерді (ЖК) электрондық форматта тіркеу рәсімі туралы айтып береміз.

2017 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда ЖК тіркеуді оңайлатты, тәртіп өтінімнен хабарлау ретіне өзгертілді.

Жеке тұлғалар салық органын кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабардар етуге жеткілікті. Хабарлама жіберілген сәттен бастап бизнеспен айналысуға мүмкіндік береді және өзі ЖК ретінде тіркеудің болуын растау болып табылады, бұл қызмет еlicense.kz "электрондық лицензиялау" порталында тегін көрсетіледі.

ЖК онлайн тіркеу рәсімі

Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу үшін elicense.kz порталында тіркеуден өту қажет (PDF форматындағы нұсқаулық).

Elicense.kz порталында тіркелгеннен кейін "Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама" қызметінің бетіне өтіңіз.

Бұл сілтеме elicense.kz порталының басты бетінің оң жақ блогында танымал қызметтер тізімінде, сондай-ақ eGov.kz порталындағы "Бизнеске → Бизнесті тіркеу және дамыту → Бизнесті тіркеу және жою" бөлімінде орналасқан.

Қызмет бетінде "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу қажет, содан кейін сізге лицензиарды, яғни сіз бекітілетін салық органын таңдау ұсынылады.

                             kk_ip_1.jpg

Бұдан әрі, салық органын таңдағаннан кейін ашылған терезеде өтініш жолдарын толтыру қажет. Егер сіз ЭЦҚ көмегімен авторлансаңыз, онда олардың көпшілігі автоматты түрде толтырылады.

                             kk_ip_2.jpg

Бұл беттің соңғы бөлімінде "Мемлекеттік кірістер органынан растауды сұрату" тармағы бар», онда "Жіберу" бастырмасына басып ЖК тіркеу мүмкіндігін мақұлдау туралы хабарламаны күту қажет.

"Бұдан әрі" басқаннан кейін өрістері бар терезе ашылады, онда болашақ кәсіпорыныңыздың деректемелері мен параметрлерін көрсету қажет – мекен-жайы, атауы, қызмет түрі (ЭҚЖЖ), салық салу нысаны және т. б.

                                    kk_ip_3.jpg

Қалыптасқан сұранымға ЭЦҚ-мен қол қойылады, содан кейін 1 жұмыс күні ішінде сіз "Менің хабарлаларым" бөлімінде хабарлама аласыз. Осылайша ЖК электронды түрде тіркеу рәсімі өтеді.

"Жеке кәсіпкерлік" туралы және кім ЖК субъектісі болып табылатыны туралы, оның жұмыс істеу шарттары туралы көбірек білу үшін жеке пайдалы материалмен танысуды ұсынамыз.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.