Айдар парағына өту

Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.03.2026

туларКөші-қон мәселелерін құқықтық реттеудің негізі Қазақстан Республикасының конституциясы болып табылады, оған сәйкес Конституцияда, заңдaрда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады. 

Шетел жұмыс күшін тарту тәртібі «Халықтың көші қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 қазандағы №819 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру  қағидалары және шарттарымен  реттеледі.

Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.

Шетел қызметкерлердің санаттары  

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау және (немесе)  рұқсаттың мерзімін ұзарту мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленеді:

  1. Бірінші санат – бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары;
  2. Екінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелердің басшылары;
  3. Үшінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;
  4. Төртінші санат – кәсіптік стандарттарда, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.

Рұқсат

Рұқсатты алу үшін ұсынылатын құжаттар

Рұқсаттарды берудің ерекше шарттары

Рұқсатты беруден және ұзартудан бас тарту

Бұзушылықтар үшін айыппұлдар

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.