Айдар парағына өту

Қазақстандағы жеке сот орындаушысы: байланыс ақпараты және қызметтер үшін тарифтер Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 04.06.2024

балғаЖеке сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия  негізінде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы.

Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлері

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 416 бұйрығына сәйкес атқарушылық іс жүргізу шеңберінде істің санатына байланысты төленетін жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы мынадай мөлшерде белгіленеді: 
 
 1. Мүліктік (ақшалай) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін мынадай сомалар бойынша:
 
  • 60 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 25 пайызы мөлшерінде;
  • 60 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 20 пайызы мөлшерінде;
  • 300 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 15 пайызы мөлшерінде;
  • 1 000 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 10 пайызы мөлшерінде;
  • 5 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 8 пайызы мөлшерінде;
  • 10 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 5 пайызы мөлшерінде;
  • 20 000 АЕК-тен жоғары болса - өндіріп алу сомасының 3 пайызы мөлшерінде.
  1.  Мүліктік емес (ақшалай емес) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін:
  • шығару және (немесе) үйге орналастыру, борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға және (немесе) оларды жасаудан тартынуға міндеттеу туралы атқарушылық құжаттар бойынша - жеке тұлғалардан 50 АЕК, заңды тұлғалардан 100 АЕК;
  • талап қоюды қамтамасыз ету, мүлікті тыйым салудан босату және өзге атқарушылық құжаттар бойынша – жеке тұлғалардан 10 АЕК, заңды тұлғалардан 20 АЕК;
  • баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы – жеке тұлғалардан ай сайын 20 АЕК мөлшерінде.
  1.  Мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар үшін:
  • алименттерді өндіріп алу және жарақаттанудан немесе денсаулықты өзге де зақымдаудан келтірілген зиянды өтеу туралы, өндіріп алу сомасының 1 АЕК мөлшерінде тоқсан сайын.

Пайда болған берешекті өндіріп алу кезінде жеке сот орындаушының қызметіне ақы төлеу осы жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерінің 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.​

Ескертпе: өндіріп алу сомасы - атқарушылық құжатта көрсетілген ақшалай талаптың не өндіріп алушы мәжбүрлеп орындатуға ұсынған ақшалай талаптың бір бөлігінің мөлшері.

        Егер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжат ішінара орындалса, онда жеке сот орындаушысына оның қызмет ақысының өндіріп алынған сомаға немесе мүлік құнына пропорционалды бір бөлігі ғана төленеді.
        Баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өндіріп алушы мен борышкерге тең үлестермен жүктеледі.
        Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы өтініш жасаған тараптан өндіріп алынады. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы атқарушылық құжат бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеген және талап қоюдан бас тартылған тұлғадан өндіріп алынады. Талап қанағаттандырылған жағдайда жеке сот орындаушысының талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы атқарушылық құжат бойынша қызметіне ақы төлеу өзіне қатысты қамтамасыз ету шаралары қабылданған тұлғадан өндіріп алынады.
        АЕК – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш. 
 

Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы:

Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Алматы қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Шымкент қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Ақмола облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Алматы облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Қостанай облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Павлодар облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Қарағанды облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Шығыс-Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Қызылорда облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Ақтөбе облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Атырау облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Маңғыстау облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Батыс-Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Жамбыл облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Солтүстік-Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Түркістан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Абай облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Жетісу облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

Ұлытау облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

 

Дереккөз: ҚР ӘМ

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.