Айдар парағына өту

Берілген лицензияның немесе рұқсаттың заңдылығын қалай тексеруге болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.09.2021

құжаттарды іздеу

Компаниялардың, жеке кәсіпкерлер мен мамандардың көпшілігі өз қызметін берілген лицензиялар мен рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға лицензияланатын қызмет түрін не қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты оның кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат. Ал рұқсат – бұл жеке немесе заңды тұлғаның рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру құқығын растау.

Қарапайым сөзбен айтқанда, қызмет көрсету, белгілі бір тауар түрлерін өндіру немесе сату құқығын алу үшін сіздің біліктілігіңізді растайтын лицензия немесе рұқсат алу керек.

Кез келген компания, ЖК және жеке маманның өзінің қызмет бағыты бойынша бір немесе бірнеше лицензиясы болуы мүмкін. Білім беру, қаржы, медициналық мекемелерден бастап бейінді мамандармен, мысалы, заңгерлер және стоматологтармен аяқтай отырып, барлығының өз саласы бойынша қолданыстағы рұқсат беру құжаты болуы тиіс. Мұндай тәртіп тұтынушыларды алдау, алаяқтық және күмәнді сападағы қызметтерді алудан қорғайды.

Қазір Қазақстанда лицензиялар мен рұқсаттардың (оның ішінде хабарлама тәртібіндегі) барлық түрін онлайн режимде Elicense.kz электрондық лицензиялау порталы арқылы алуға болады. Осының арқасында берілген лицензиялар туралы барлық ақпарат электрондық форматта сақталады және әрбір адам оны арнайы сервистің көмегімен тексере алады.

"Рұқсат беру құжаттарын іздеу" сервисіне сілтеме электрондық лицензиялау порталының басты бетінде орналасқан. Тексеру сервисі – тегін, авторландыруды да, тіркеуді да талап етпейді және онда екі режим бар – оңайлатылған "жылдам іздеу" және "кеңейтілген іздеу". Бірінші тәсіл арқылы пайдаланушыға ЖСН/БСН, СТН, ӘҚНЖК/РҚБСН нөмірі және берілген күні бойынша лицензиялар іздестіруге болады.

Өз кезегінде, кеңейтілген режим көптеген параметрлер бойынша іздеуге мүмкіндік береді:

  • Құжаттың бірегей нөмірі;
  • Құжаттың ӘҚНЖК;
  • Өтініштің ӘҚНЖК;
  • Өтініштің бірегей нөмірі;
  • Нөмір;
  • Серия;
  • ЖСН;
  • БСН;
  • СТН;
  • Лицензиат;
  • Лицензиар;
  • Қызмет түрі;
  • Берілген күні;
  • Мәртебесі:
    • Көрсетілмеген;
    • Жарамды;
    • Жарамсыз;
    • Қайта ресімделген (жарамсыз);
    • Әрекет тоқтатылды;
    • Әрекет тоқтатылып тұр;
    • Әрекет ұзартылды (жарамсыз);
    • Әрекет тоқтатылды (ерікті қайтару).

Анықтама:

ӘҚНЖК – әкімшілік құжаттың немесе өтініштің нөмірі және коды.

РҚБСН – рұқсат беру құжатының немесе лицензияның бірегей сәйкестендіру нөмірі.

Іздеу нәтижесінде cіз енгізген іздеу сұранысы деректеріне сәйкес келетін барлық лицензиялар мен рұқсаттардың тізімін (соның ішінде хабарландыру тәртібіндегі) аласыз. Әрбір лицензия немесе рұқсат бойынша жоғарыда көрсетілген барлық параметрлер бойынша, сондай-ақ санат, қала, пайдалану аумағы, ерекше шарттар және т.б. сияқты қосымша параметрлер бойынша мәліметтер шығарылатын болады. Кейбір жағдайларда алынған рұқсат құжаттарын PDF форматында көшіріп алуға болады.

Осылайша, осы өте пайдалы сервис көмегімен кез келген заңды тұлғаның, компанияның және жеке кәсіпкердің лицензиялары мен рұқсаттарының өзектілігін тексеруге болады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.