Субсидиялау бағыттары мен нормативтерінің тізбесі Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 13.03.2026|
Р/с № |
Субсидиялар түрлері |
Өлшем бірлігі |
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
|
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы |
|||
|
1. |
Ет және ет-сүт бағытындағы отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқа сатып алу |
Сатып алынған бас |
260 000 |
|
2. |
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: |
Сатып алынған бас |
|
|
2.1 |
Отандық |
260 000 |
|
|
2.2 |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен, Украинадан әкелінген |
390 000 |
|
|
2.3 |
Австралиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен әкелінген |
525 000 |
|
|
3. |
Ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың төлін өсіру шығындарын арзандату |
Бас |
15 000 |
|
4. |
Бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ірі қара малдың еркек дарағының (оның ішінде сүтті немесе сүтті-етті еркек дарақтар) құнын арзандату |
Тірі салмақтың килограмы |
300 |
|
5. |
Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеу кәсіпорындарының сиыр етін өткізу құнын арзандату |
Сатылған сиыр етінің килограмы |
175 |
|
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы |
|||
|
1. |
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу |
Сатып алынған бас |
|
|
1.1 |
Отандық |
350 000 |
|
|
1.2 |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен, Украинадан әкелінген |
390 000 |
|
|
1.3 |
Австралиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен әкелінген |
700 000 |
|
|
2. |
Сүт өндірісінің құнын арзандату |
Өткізілген немесе өзінің өңдеу кәсіпорнына немесе цехына орны ауыстырылған килограмм |
|
|
2.1 |
600 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтар |
45 |
|
|
2.2 |
400 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтар |
30 |
|
|
2.3 |
Саны 50 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтар |
20 |
|
|
2.4 |
Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі |
Өңдеу кәсіпорнына немесе цехына өткізілген килограмм |
20 |
|
3. |
Ірі қара мал эмбриондарының сатып алу құнын арзандату |
Дана |
80 000 |
|
Мал шаруашылығы |
|||
|
1. |
Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлік орталықтардың және ұрықтандырушы-техниктердің тауар өндірушілердің және ауыл шаруашылығы кооперативтеріндегі ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсеткен қызметтерінің құнын субсидиялау |
Ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас |
5 000 |
|
2. |
Сүтті/сүтті-етті және етті/етті-сүтті бағыттардағы асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу |
Сатып алынған доза |
|
|
2.1 |
бір жынысты |
10 000 |
|
|
2.2 |
екі жынысты |
5 000 |
|
|
Етті құс шаруашылығы |
|||
|
1. |
Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапандарды сатып алу |
Сатып алынған бас |
600 |
|
2. |
Тауық етін өндіру құнын төмендету |
Өткізілген немесе өзінің өңдеу кәсіпорнына немесе цехына орны ауыстырылған килограмм |
|
|
2.1 |
15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс |
80 |
|
|
2.2 |
10 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс |
70 |
|
|
2.3 |
5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс |
60 |
|
|
2.4 |
500 тоннадан басталатын нақты өндіріс |
50 |
|
|
Жұмыртқалы құс шаруашылығы |
|||
|
1. |
Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу |
Сатып алынған бас |
60 |
|
Қой шаруашылығы |
|||
|
1. |
Отандық асыл тұқымды қой басын сатып алу |
Сатып алынған бас |
26 000 |
|
2. |
Импортталған асыл тұқымды аналық қой басын сатып алу |
52 000 |
|
|
3. |
Импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу |
260 000 |
|
|
4. |
Асыл тұқымды ұсақ малдың төлін өсіру шығындарын арзандату |
Бас |
4 000 |
|
5. |
Бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ұсақ малдың еркек дарағының құнын арзандату |
Сатылған бас |
3 000 |
|
5.1 |
Бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ұсақ малдың еркек дарағының құнын арзандату (маусымдық жеткізілімдер) |
Сатылған бас |
7 000 |
|
6. |
Қой эмбриондарын сатып алу құнын арзандату |
Дана |
80 000 |
|
7. |
Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлік орталықтардың және ұрықтандырушы-техниктердің тауар өндірушілердің және ауыл шаруашылығы кооперативтеріндегі аналық қой басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсеткен қызметтерінің құнын субсидиялау |
Ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы |
1 500 |
|
8. |
Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүннің құнын арзандату |
||
|
8.1. |
Сапаның 60 басталатын жүн |
Өткізілген килограмм |
200 |
|
8.2. |
Сапаның 50 басталатын жүн |
Өткізілген килограмм |
150 |
|
9. |
Қайта өңдеуге өткізілген қылшық және жартылай қылшық жүннің құнын арзандату |
Өткізілген килограмм |
25 |
|
Жылқы шаруашылығы |
|||
|
1. |
Мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарының асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу |
Бас/ шағылыстыру маусымы |
20 000 |
|
2. |
Өнімділік бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу |
Сатып алынған бас |
175 000 |
|
3. |
Асыл тұқымдық орталықтардың шет елдік селекцияның мініс бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларды сатып алу |
Сатып алынған бас |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) белгілейді |
|
4. |
Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу |
Бас/жылына бір рет |
ЖАО белгілейді |
|
Түйе шаруашылығы |
|||
|
1. |
Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу |
Сатып алынған бас |
175 000 |
|
Шошқа шаруашылығы |
|||
|
1. |
Асыл тұқымды шошқалар сатып алу |
Сатып алынған бас |
100 000 |
|
2. |
Ет өңдеу кәсіпорындарына немесе сою пункттеріне өткізілген немесе союға ауыстырылған шошқалардың құнын арзандату |
Бас |
2 000 |
|
Өңірлердің ерекшеліктері мен мамандануын ескере отырып, ЖАО қалауы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен |
|||
|
1. |
Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату |
Бас |
ЖАО белгілейді |
|
2. |
Ешкілердің асыл тұқымды аналық басын сатып алу |
Сатып алынған бас |
70 000 |
|
3. |
Бие сүтін өндіру мен өңдеудің құнын арзандату |
Килограмм |
60 |
|
4. |
Түйе сүтін өндіру мен өңдеудің құнын арзандату |
Килограмм |
55* |
|
5. |
Бал өндірісінің құнын арзандату |
Өткізілген килограмм |
200 |
Асыл тұқымды аталық малды сатып алуды субсидиялау тек тауар өндірушіде (асыл тұқымдық орталықтарды, асыл тұқымды бұқаларды тауарлық табындарға/шаруашылықтарға жалға беретін бордақылау алаңдарын қоспағанда) аналық мал басы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Асыл тұқымды жануарлардың барлық түрлерін (етті бағыттағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапанын, асыл тұқымды шошқаларды қоспағанда) сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оның сатып алу құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде субсидияланады.
Сүтті/сүтті-етті және етті/етті-сүтті тұқымды асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу құнының 50%-на дейін белгіленген нормативтер мөлшерінде субсидияланады.
Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату" бағыты бойынша субсидиялар "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған кезде немесе Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтамамен расталған, өңірде азық дайындауға теріс әсер еткен қалыптан тыс ауа райы жағдайлары басталған кезде беріледі. Бұл талап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Ұлытау облысындағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басына қолданылмайды.
Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату" бағыты бойынша субсидиялау жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген және/немесе бөлінген бюджет қаражаты жеткілікті болған кезде жүзеге асырылады.
Ескертпе:
* жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражатын бөлу кезінде және/ немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлу кезінде және/немесе бөлінген бюджет қаражаты жеткілікті болған кезде "Түйе сүтін өндіру мен өңдеудің құнын арзандату" бағыты бойынша субсидиялаудың ағымдағы нормативін СМАЖ-да Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрліктің келісуі бойынша бөлінген бюджет қаражатының сомасына байланысты 55 теңгеден 190 теңгеге дейін ұлғайтуға жол беріледі.



