Ажырасу кезіндегі ортақ мүлікте егер мүлікті бөлу орын алса, үлестерді бөледі. Кодекстің 38-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлуде және осы мүліктегі үлестерді анықтауда ерлі-зайыптылардың әрқайсының үлесі, егер олардың арасындағы шартта басқаша көзделмесе тең деп саналады. Жалпы мүліктегі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің үлесі мүлікті бөлуде анықталады және үнемі тең деп есептеледі (1/2 немесе 50%), егер:
- неке шартында өзгесі көзделмесе;
- олардың мүлікті бөлу туралы шартында өзгесі көзделмесе;
- сот осы үлесті өзгеше анықтамаса.
Кодекстің 38-бабына сәйкес сот кәмелетке толмаған балалардың пайдасына ортақ мүліктегі үлестер теңдігіне ерлі-зайыптылардың бірінің мүдделеріне сүйене отырып, егер екінші жұбайы негізсіз себептер бойынша кіріс алмаған болса немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін екінші ерлі-зайыптының келісімінсіз отбасы мүдделеріне залал келтіруге жұмсаған кезде бас тарта алады. Бірінші кезекте бұл алкологльдік және есірткілік тәуелділігі бар адамдарға қатысты: егер бұл сотта дәлелденсе, оларға ортақ мүліктің аз үлесі тиісті болады. Бұл ретте нормативтік-құқықтық актілерде сіз осы мәселелер бойынша белгілі бір нормаларды таба алмайсыз, жағдайларды сот жеке қарайды.
Егер керісінше айыпталатын ерлі-зайыптының бірі жұмыс іздегенін дәлелдесе, жұмыстың болмауына негізді себебі болса, үй шаруашылығын жүргізсе және балалар тәрбиесімен айналысса, онда сот оның үлесін азайта алмайды.
Ерлі-зайыптылардың бірі ортақ мүліктегі өзінің үлесінен бас тартатын жағдайлар да бар. Егер аталмыш айғақ неке бұзылғаннан бұрын айтылса, онда оны неке шартында немесе ортақ мүлікті бөлу туралы шартта бекітуге болады. Егер неке бұзылған болса, ортақ мүліктегі үлестен нотариусқа барып бас тартуға болады. Нотариус ортақ меншіктегі ерлі-зайыптының әрқайсының үлестерін анықтауды куәландырады, одан кейін ерлі-зайыптының бірінің екіншісіне үлесті сыйлау шартын тіркейді.
Ортақ мүліктегі үлеске балалардың да құқығы бар деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Бұл шын мәнісінде олай емес, бастапқыда ерлі-зайыптының әрқайсының үлестері 1/2 құрайды. Егер ерлі-зайыптылардың бірі табысты әдейі алмаса және ортақ қаражатты ұстамаса, балаларды ескерумен үлестер өзгереді. Бұл ретте балаларға ерекше үлес төленбейді, тек балалар бірге қалатын ерлі-зайыптылардың бірінің үлесі ұлғаяды. Екінші иесі міндетті түрде балаларды асырауға алимент төлеуге міндетті.