Айдар парағына өту

Егер құжаттарда қателер болса немесе жеке куәлікте немесе туу туралы куәлікке өзгертулерді қалай енгізуге болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 19.08.2020

image4479431751532509122.pngБіздің көбісіміз тіркеу құжаттарында әр түрлі себептерге байланысты АХАЖ  (туунекені тіркеунекені бұзу, қайтыс болуы туралы немесе өзге де куәліктер) қателер және олқылықтар болған жағдайлармен ұшырасады. Бұндай жағдай келеңсіз болып қана қоймай, болашақта маңыздылығы кем емес басқа құжаттарды алуды қиындатуы да  мүмкін.   Өз уақытыңыз бен күшіңізді қорғау үшін қажетті шараларды уақытылы қабылдау керек. Осы мақаладан сіз туу (некені тіркеу, бұзу және т.б.) туралы куәлікте қателер болса және құжаттарда олқылықтар жіберілсе не істеу керектігін және осы үшін қандай құжаттар қажет екенін білесіз.

АХАТ органдары қазақстандықтардың азаматтық хал актілерінің жазбалары жүргізіледі, олар құқықтар мен міндеттердің туындауын, өзгеруін немесе тоқтауына әкелетін және құқықтық жағдайды сипаттайтын оқиғалар мен әрекеттерді белгілейді.

АХАЖ қандай әрекеттерді тіркейді?

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережелеріне сәйкес тіркеу органдары келесі әрекеттерді жасайды:

Куәліктегі және азаматтық хал актілеріндегі мәліметтерді қалай өзгертуге болады?

  • ұлды/қызды асырап алумен байланысты аты, тегі, әкесінің аты өзгергенде, сондай-ақ асырап алушыларды асырап алынған баланың ата-анасы ретінде жазған жағдайда;
  • некені бұзумен (ажырасқанда мүліктің қалай бөлінетіні туралы біліңіз) немесе некені жарамсыз деп танумен байланысты зайыбының тегі өзгергенде;ата-анасының арасында некенің тоқтатылуына немесе некені жарамсыз деп тануға байланысты кәмелетке толмаған баланың тегін өзгерткенде;
  • әкелікті белгілеуді тіркегенде
  • некеде тұрмайтын анадан баланың әкесі туралы мәліметтерді баланың туу туралы акті жазбасына енгізу туралы өтініш келіп түскенде;
  • соттың асырап алуды жою немесе рұқсат етуі, сондай-ақ некені жарамсыз деп тану туралы шешіміне байланысты; 
  • баланың әкесі немесе анасы туралы мәліметтерді туу туралы акт жазбасынан алу туралы сот шешімімен байланысты (ата-анасы баладан бас тартқанда, асырап алғанда немесе некені бұзғандақажет болуы мүмкін);
  • аты, тегі, әкесінің аты ауысқанда;
  • ата-анасының тегінің және әкесінің атын ауыстырумен байланысты кәмелетке толмағанның тегін және әкесінің атын өзгерткенде; 
  • азаматтық хал актілері жазбасында дұрыс емес мәліметтер сот тәртібінде анықталғанда;
  • әкелікті анықтау туралы сот шешімі жойылған жағдайда;
  • егер туу туралы акт жазбасында баланың толық емес аты көрсетілсе (кішірейткіш, еркелетіп қойған, қысқартылған аты);
  • егер азаматтық хал актілер жазбасында ата-анасының аты, тегі, әкесінің аты немесе ұлты көрсетілмесе;
  • егер азаматтық хал актілер жазбасында дұрыс емес мәліметтер көрсетілсе;
  • егер баланың тууын тіркеуде ата-анасының тілегін ескерместен тегі немесе аты тағайындалса;
  • егер балада туу туралы акт жазбасында көрсетілгеннен басқа ат болса, ол баланың мүддесіне байланысты туындағанда;
  • егер туу туралы акт жазбасында баланың толық емес аты көрсетілсе (кішірейткіш, еркелетіп қойған, қысқартылған аты);
  • егер азаматтық хал актілерді тіркеу сәтінде қателер жіберілсе (бұрмалаулар, мәліметтерді немесе жекелеген сөздерді жіберу);
  • жынысын өзгертумен байланысты тегін, атын, әкесінің атын өзгерткенде;
  • тегін ұлттық дәстүрлер бойынша әкесінің немесе атасының атынан туындайтын текке өзгерткенде;
  • ұлтын ауыстырғанда.

Әр түрлі өмірлік жағдайларға байланысты үлкен машақаты көп жағдайлар бар, құжаттар дұрыс емес рәсімделген және құжаттарға түзетулер енгізуге неғұрлым ерте кіріскеніңіз жөн. Дұрыс емес, толық емес және өзгерген мәліметтер жағдайында тұрғылықты жері бойынша АХАЖ-ға жүгіну қажет.

Құжаттарға өзгертулер, түзетулер, толықтырулар енгізуге өтінішті құжаттары қате адамдар беруі тиіс. Егер 18 жасқа дейінгі баланың құжаттарындағы қате, онда өтінішті ата-аналар, асырап алушылар, қамқоршылар және қорғаншылар беруі мүмкін.

 

Құжаттарға нақтылаулар, толықтырулар, өзгертулер және түзетулер енгізу үшін қандай құжаттар керек

Куәлікті және АХАЖ анықтамалар алу және азаматтық хал актілерін тіркеу үшін төлем мөлшері

Тегінің, атының және әкесінің атының қазақ және орыс тілдерінде дұрыс жазылуы

Ажырасқанда және басқа жағдайларда баланың ұлтын немесе тегін, атын өзгерту

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.