Электрондық қызметтерді алу бойынша нұсқаулық Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 20.02.2023«Электрондық үкімет» порталында «Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдары іздеу және төлеу» қызметі бойынша нұсқаулық
- Авторизациялау. Электрондық қызметті алу үшін Порталда авторизациялану қажет, «Кіру» батырмасына басыңыз және өзіңіздің ЖСН мен пароліңізді (тіркелу кезінде көрсеткен) енгізіңіз, бұдан кейін «Жүйеге ену» батырмасын басыңыз.
- Қызметті таңдау. «Әкімшілік айыппұлдарды іздеу және төлеу» қызметін:
- іздеу жолына қызмет атауын енгізу;
- «Онлайн қызметтер бір тізімде» батырмасы бойынша өту;
- тиісінше тақырыптық айдардан іздеу арқылы таба аласыз.
Соңғы тәсілге тоқталайық. Басты беттегі «Көлік және коммуникация» айдарын, бұдан әрі «Автомобиль көлігі» айдаршасын таңдаңыз.
Қажетті «Әкімшілік айыппұлдарды іздеу және төлеу» сілтемесіне басып, қызметтің сипаттамасы мен оны көрсету тәртібі жазылған бетке (қызмет паспортына) өтесіз.
Қызметті алу үшін беттің сол жақ жоғарғы бұрышындағы «ОНЛАЙН төлеу» батырмасын басыңыз.
- Деректерді сұрату (Ереже бұзуды іздеу)
Ашылған терезеде ереже бұзу туралы деректерді іздеу тәсілін таңдаңыз:
- «ЖСН бойынша»
- ЖСН бойынша бұзушылықтар туралы деректерді іздеуді таңдаған кезде «ЖСН» жолын толтыру қажет.
- Егер атауларыңыз бен туған күніңіз бойынша бұзушылықтар туралы деректерді іздесеңіз, онда келесі жолдарды толтыру қажет: «Тегі», «Аты», «Әкесінің аты» және «Туылған күні».
Содан кейін көрсетілген тізімнен бұзушылықты таңдаңыз. «Қосымша мәліметтерді» басу арқылы бұзушылық туралы толық мәлімет алуға болады.
«Әрі қарай» батырмасын басу арқылы портал төлем бетіне өтеді.
Осыдан кейін төлем әдісін таңдау қажет.
Камераны QR кодына бағыттаңыз, әрі қарай «Төлеу» батырмасын басыңыз. Осыдан кейін төлемді растаңыз.
Интернет-транзакцияларды жүргізудің қауіпсіздігі мақсатында кейбір қазақстандық банктер (Halyk bank, Jusan Bank және т.б) төлем карточкаларында шектелімдер (шектеулер) немесе қосымша кодтар орнатады. Егер онлайн-төлемді жүзеге асыруда қиындықтар туындаса, Сізге қызмет көрсететін Банкпен хабарласу қажет.
Төлемді растағаннан кейін Сіз электрондық чекті басып шығара аласыз, сондай-ақ чектің телнұсқасын «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауынан таба аласыз.