Айдар парағына өту

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 15.09.2021

Көпбалалы отбасылар мен көпбалалы ананың мәртебесі

Қазақстанда құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасылар болып саналады.Алты бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналарға "Күміс алқа" алқасы беріледі, ал жеті не одан көп бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналар "Алтын алқа" алқасымен марапатталды.

Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар

Кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар немесе жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға отбасы табысына қарамастан төмендегі көлемде жәрдемақы тағайындалады:

  • төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 46 760 теңге;
  • бес балаға – 20,04 АЕК немесе 58 457 теңге;
  • алты балаға – 24,05 АЕК немесе 70 154 теңге;
  • жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге;
  • сегіз және одан көп балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге қосымша 4 АЕК бойынша жеті баладан кейінгі әрбір үшін.

Онлайн-қызмет арқылы осы жәрдемақыны тағайындауға өтінім беруге болады.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен және басқа да ордендермен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға   ай сайын 6,4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Аталған жәрдемақыны алу үшін келесі құжаттармен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға жүгіну қажет. 

  • Өтініш;
  • Жеке басты куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналардың марапаттарын растайтын немесе осы атақтарды алғанын растайтын құжат;
  • Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін –Байқоңыр қаласытұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы.

Қызмет көрсету мерзімі – 7 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажет болған жағдайда қажеттілігіне қарай іс материалдары ресімделгенге дейін 30 күн мерзімге ұзартылады, бұл ретте егер құжаттар ресімделіп болса мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік корпорацияға  қосымша құжаттарды ұсынған  күннен бастап 7 жұмыс күнінде көрстіледі.

Көпбалалы отбасыларға арналған басқа да жеңілдіктер

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар тұрғын үйді мемлекеттік тұрғын үй қорынан алуға немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді алуға бірінші кезекте құқылы.      

Сондай-ақ, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар төменде көрсетілген:

  • көлік құралдары бойынша салық (бір автокөлік құралы бойынша);
  • тұрғын үй қоры иеленген жер учаскелері, оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар бойынша салық;
  • үй жанындағы жер учаскелері бойынша салық;
  • жеке тұлғалардың мүлкі бойынша салық (1000-еселік мөлшердегі АЕК шегінде);
  • нотариалдық әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж салығы;
  • зияткерлік меншік саласында уәкілетті мемлекеттік орган заңды маңызы бар әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж салығы сияқты бірқатар салықтар мен мемлекеттік баж төлеуден босатылған.

Сонымен бірге, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.