Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы кім?
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексіне сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын тұлғалар:
1) Жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар.
2) Дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері.
3) Жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) Тармақша 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады – осы Кодекстің 262-бабын қараңыз.
4) Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар).
5) 01.01.2024 дейін қолданыста болды - осы Кодекстің 263-бабымен.
6) Осы Кодекске сәйкес жеке көмекшілер жатады.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатпайды.
Осылайша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы әлеуметтік тәуекел жағдайлары орын алғанда әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар және ол үшін әлеуметтік аударымдар төленетін жеке тұлға болып табылады.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:
- еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы.
- асыраушысынан айырылу жағдайы.
- жұмысынан айырылу жағдайы.
- жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем.
- бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы.
Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ескерілетін табыс
Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген ай сайынғы кірістер ескеріледі.
Әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Жүктілікке және босануға, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларға әлеуметтік төлемге құқық еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген жүктілік және босану бойынша демалыс күнінен бастап туындайды.
Кімге тағайындалады
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларға арналған біржолғы әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша демалыстағы Қорға әлеуметтік аударымдар төленген жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады.
Төлем үшін қайда жүгінуге болады
Төлемді келесі әдістердің бірімен алуға болады:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
- «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz)
- сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, қызметке құқық туралы sms хабарлама алған кезде, оны көрсетуге келісім туралы жауап sms жолдай отырып.
Төлем алуға өтініш беру мерзімі
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларға, сондай-ақ қиын босану, екі және одан да көп бала туған кезде төлемді қайта есептеуге әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасау мерзімдері он екі айдан аспауға тиіс.
Төлем мөлшері
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларға төленетін әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстардың сомасын әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 12 күнтізбелік айда (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістер болғанына қарамастан) 12-ге бөлу жолымен айқындалады.
Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу жолымен айқындалады.
Жүктілік және босану бойынша демалыстардың ұзақтығы ҚР Еңбек кодексінің 99-бабында көзделген.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем
Бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемге құқық баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап, бала (балалар) асырап алынған және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық тағайындалған жағдайларда, бір жарым жасқа дейінгі жастан бастап туындайды. баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қамқоршы тағайындалған күннен бастап жүзеге асырылады.
Кімге тағайындалады
Бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем балаға (балаларға) күтім жасауды жүзеге асыратын және Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады.
Бұл ретте, егер бала күтімі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бірнеше қатысушыларымен жүзеге асырылса, бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем көрсетілген адамдардың біреуіне ғана тағайындалады.
Төлем үшін қайда жүгінуге болады
Төлемді келесі әдістердің бірімен алуға болады:
- «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz).
- Kaspi,Halyk екінші деңгейдегі банктердің және «Egov mobile» мобильді қосымшалары арқылы.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
- Сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, қызметке құқық туралы sms хабарлама алған кезде, оны көрсетуге келісім туралы жауап sms жолдай отырып.
Төлем мөлшері
Бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне – 0,4 көбейту жолымен айқындалады. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстардың сомасын әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 айда (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістер болғанына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінің 40%, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері – бала күтімі бойынша ай сайынғы бір жарым жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Төлем алуға өтініш беру мерзімі
Төлемді тағайындауға өтініш беру мерзімі - төлеуге құқық туындаған күннен бастап он сегіз ай.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем
Асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындауға және алуға қайтыс болған (сот хабар – ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының-міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған отбасы мүшелері құқылы.
Төлем құқығы қайтыс болған күннен бастап туындайды.
Кімге тағайындалады
Төлем қайтыс болған адамның асырауында болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған)отбасының келесі мүшелеріне тағайындалады:
- балаларға, оның ішінде асырап алынған балаларға;
- 18 жасқа толмаған ағайындылар, әпкелер мен немерелер, егер олардың еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса;
- егер үш жасқа толмаған асыраушысының асырауындағы адамға күтім жасаумен айналысса, ата-анасының немесе жұбайының не атасының, әжесінің, ағасының немесе әпкесінің біріне.
Егер 18 жасқа толған отбасы мүшелері болса:
- білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқиды (оқиды) –төлем оқу бітірген күнге дейін, бірақ 23 жылдан аспайтын мерзімге дейін жүзеге асырылады;
- бірінші немесе екінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдар болып табылады-төлем мүгедектікті белгілеу мерзіміне тағайындалады.
Төлем үшін қайда жүгінуге болады
Төлемді келесі әдістердің бірімен алуға болады:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz);
- «Egov mobile» мобильді қосымшасы арқылы;
- сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, қызметке құқық туралы sms хабарлама алған кезде, оны көрсетуге келісім туралы жауап sms жолдай отырып.
Төлем мөлшері
Асыраушысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 50% алып тастағанда табысты алмастырудың тиісті коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына және қатысу өтіліне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстардың сомасын әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 күнтізбелік айда (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістер болғанына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.
Жыл сайын асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде арттырылады.
Асырауындағы адамдар санының коэффициенті
Асырауындағы адамдар санының коэффициенті асыраушысының - қайтыс болғанға дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған адамдардың санына байланысты айқындалады және бір асырауындағы адаммен 0,5; екі асырауындағы адаммен - 0,65; үш асырауындағы адаммен - 0,8; төрт және одан да көп асырауындағы адаммен - 1,0 құрайды.
Бұл ретте кірісті алмастыру коэффициенті және қатысу өтілінің коэффициенті Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 240-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем
Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемге құқық Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап туындайды және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды (Салық кодексі).
Төлем үшін қайда жүгінуге болады
Төлемді келесі әдістердің бірімен алуға болады:
- «электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы (www.enbek.kz), көрсетілген порталда жұмыссыз ретінде тіркелген кезде;
- «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz), жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде;
- жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына;
- халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы-жұмыссыз ретінде тіркелу кезінде;
- «Egov mobile» мобильді қосымшасы арқылы;
- сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, қызметке құқық туралы sms хабарлама алған кезде, оны көрсетуге келісім туралы жауап смс жолдай отырып.
Төлем мөлшері
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған табыстың орташа айлық мөлшерін тиісті табысты алмастыру коэффициенттеріне және қатысу өтіліне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.
Кірісті ауыстыру коэффициентi 0,45 болады, ал қатысу өтілінің коэффициентi «Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 118-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдер:
- ол үшін 6 айдан 12 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 1 айға;
- ол үшін 12 айдан 24 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 2 айға;
- ол үшін 24 айдан 36 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 3 айға;
- ол үшін 36 айдан қырық 8 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 4 айға;
- ол үшін 48 айдан 60 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бес айға;
- ол үшін 36 және одан көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 6 айға тағайындалады.
Төлем алуға өтініш беру мерзімі
Төлемді тағайындауға өтініш беру мерзімі-төлеуге құқық туындаған күннен бастап он екі ай.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем
Еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемге құқық медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды.
Кімге төленеді
Еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берілген уақытқа дейін жұмыс тоқтатылғанына немесе жалғастырылғанына қарамастан тағайындалады.
Төлем үшін қайда жүгінуге болады
Төлемді келесі әдістердің бірімен алуға болады:
- «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz) өтініш берген кезде жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған кезде;
- МӘС бөлімшесі арқылы-жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін бастапқы белгілеу кезінде;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі белгіленген кезде;
- «Egov mobile» мобильді қосымшасы арқылы;
- сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, қызметке құқық туралы sms хабарлама алған кезде, оны көрсетуге келісім туралы жауап смс жолдай отырып алуға болады.
Төлемдер мөлшері
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызы шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, еңбекке қабілеттіліктен айырылудың және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстардың сомасын әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 күнтізбелік айда (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістер болғанына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте табысты алмастыру коэффициенті 0,6 құрайды.
Еңбекке қабілеттілігін жоғалту коэффициенті:
Еңбекке қабілеттілігін жоғалту коэффициенті жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалтудың белгіленген дәрежесіне 30 пайыздан 100 пайызға дейін сәйкес келеді.
Қатысу өтілінің коэффициенті Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 181-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалады.
Жыл сайын еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем мөлшері ҚР Үкіметінің шешімі негізінде арттырылады.
Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары
Бала туғанда берілетін жәрдемақы (жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдер үшін)
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
- Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы.
- Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері.
Жәрдемақы мөлшері
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 80-бабына сәйкес бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері мынадай:
- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК (2025 жылға – 149 416 теңге);
- төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК (2025 жылға – 247 716 теңге).
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Бала туғанда берілетін жәрдемақы бірреттік.
Бала туғанда берілетін жәрдемақы тағайындауға жүгіну мерзімі бала туған күннен бастап 18 айдан аспайды.
* Екі және одан көп бала туған кезде бала туғанда берілетін жәрдемақы әрбір балаға тағайындалады және төленеді.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы (жұмыс істемейтін ата-аналар үшін)
Кімге төленеді
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын және баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
- Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы.
- Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері.
Жәрдемақы мөлшері
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы мөлшері келесідей:
- бірінші балаға — 5,76 АЕК (2025 жылға – 22 649 теңге);
- екінші балаға — 6,81 АЕК (2025 жылға – 26 777 теңге);
- үшінші балаға — 7,85 АЕК (2025 жылға – 30 867 теңге);
- төртінші және одан кейінгі балаға — 8,90 АЕК (2025 жылға – 34 995 теңге).
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы бала 1,5 жасқа толғанға дейін ай сайын төленеді.
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін жүгіну мерзімдері бала туған күннен бастап 18 айдан аспайды.
Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы
Кімге төленеді
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға).
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
- Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері.
- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы.
- Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
Жәрдемақы мөлшері
1,61 ЕТКД (2025 жылға – 74 427 теңге) мөлшерінде
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Жәрдемақы жүгінген күннен бастап ай сайын төленеді.
Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы
Кімге төленеді
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көп балалы отбасыларға.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
- Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы.
- Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері.
Жәрдемақы мөлшері
Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанында оқитын студенттердің санының өзгеруіне байланысты қайта есептеледі. Отбасының табысына тәуелсіз түрде тағайындалады:
- 4 баласы бар отбасыға – 16,03 АЕК (2025 жылға – 63 030 теңге);
- 5 баласы бар отбасыға – 20,04 АЕК (2025 жылға – 63 030 теңге);
- 6 баласы бар отбасыға – 24,05 АЕК (2025 жылға – 94 565 теңге);
- 7 баласы бар отбасыға – 28,06 АЕК (2025 жылға – 110 332 теңге);
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыға – әрбір балаға 4 АЕК (2025 жылға – 15 728 теңге).
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Жәрдемақы өтініш берген күннен бастап ай сайын төленеді, өтінім берген күн - өтініш берген күн болып саналады; проактивті көрсетілетін қызмет арқылы - жәрдемақылар тағайындауға келісім берілген күн болып саналады.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы
Кімге төленеді
«Күміс алқа» (6 бала туған және өсірген), «Алтын алқа», алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған (7 және одан да көп балаған туып, өсірген) көпбалалы аналарға.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
- Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы.
- Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері.
Жәрдемақы мөлшері
- «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көпбалалы аналар үшін – 6,4 АЕК (2025 жылға - 25 165 теңге);
- «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға – 7,4 АЕК (2025 жылға - 27 321 теңге).
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Жәрдемақы ай сайын (өмір бойы) төленеді.
Атаулы әлеуметтік көмек
Кімге төленеді
Шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік деңгейінен аспайтын жан басына орташа табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға.
Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі:
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептер бойынша:
- зейнеткерлік жасқа жету;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар;
- екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар болған кезде.
- Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі келесілерге күтім жасауды жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға:
- үш жасқа дейінгі балаға;
- мүгедектігі бар-балаға;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар барларға;
- бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қарттарға.
Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 120-баптың 5- тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қайда бару керек
«Электрондық үкімет» веб-порталдағы «Мемлекеттік қызметтер азаматтар үшін» сервисі арқылы, мансап орталығына, тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне.
Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 126-баптың 1- тармағына сәйкес адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегі мен отбасының әрбір мүшесіне есептелген жан басына шаққандағы орташа табыс арасындағы айырма түрінде есептейді. Отбасының құрамы және табысы өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайта есептеледі.
Атаулы әлеуметтік көмекті алушы мансап орталығын, ал ауылдық жерлерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкімін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
АӘК бойынша тағайындалған сомаға ай сайынғы негізде бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Оның мөлшері 2024 жылы – 5 538 теңгені (3 692 * 1,5 АЕК) құрайды.