Айдар парағына өту

Бөлшек салық қандай қызмет түрлеріне қолданылады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 10.09.2021

Салық кодексіне пандемиядан неғұрлым зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін бөлшек салықтың арнаулы салық режимін (АСР) енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Мәселен, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексі "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі" 77-1-тарауымен толықтырылды. Норма 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Бөлшек салық режимі қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесі

Бөлшек салық режимі ШОБ субъектілеріне салық жүктемесін азайтуды қамтамасыз ету және салықтар мен бюджетке төлемдерді төлеу тәртібін оңтайландыру үшін дағдарысқа қарсы шара ретінде 2 жылға есептелген.

Қызмет түрлерінің тізбесі ҚР Үкіметінің қаулысымен белгіленген.

Тізбеде пандемия кезеңінде шектеу карантиндік шаралары қолданылған қызмет түрлері көзделген.

Барлығы 114 қызмет түрі анықталды.

Атап айтқанда, тізімге мыналар кірді:

  • автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
  • сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендердегі бөлшек сауда;
  • сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде жиһазбен бөлшек сауда жасау;
  • сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде кітаптарды бөлшек саудада сату;
  • мамандандырылған дүкендерде аудио және бейне жазбаларды бөлшек саудада сату;
  • мамандандырылған дүкендерде спорттық жабдықтарды бөлшек саудада сату;
  • киім мен аяқ киімді бөлшек саудада сату;
  • косметикалық тауарлар мен туалет керек-жарақтарын бөлшек саудада сату;
  • мамандандырылған дүкендерде гүл сату;
  • дүкендерде пайдаланылған тауарлардың бөлшек саудасы;
  • автобустармен, трамвайлармен, троллейбустармен тасымалдау;
  • автомобиль тұрақтарының қызметі;
  • мейрамханалары бар қонақ үй қызметтерін ұсыну;
  • туристік операторлар мен агенттіктердің қызметі;
  • мектепке дейінгі білім беру;
  • театр және концерттік қызмет, цирктер, мұражайлар;
  • жиһаз және интерьер заттарын, аяқ киімді жөндеу;
  • предоставление услуг парикмахерскими и салонами красоты.

Толық тізімді http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000030 сілтемеден көре аласыз.

Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану тәртібі қандай

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы, егер салық төлеушілер:

  1. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып танылады;
  2. осы режимді қолдану мақсатында ҚР Үкіметі айқындаған қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асырады.

Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, бөлшек салықтың арнаулы салық режимі корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 3 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңі ішінде алынған (алынуға жататын), жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен айқындалатын табыс бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылады:

  • заңды тұлға – Салық кодексінің 7-бөліміне сәйкес;
  • дара кәсіпкер-салық кодексінің 8-бөліміне сәйкес жүзеге асырады.

Есептілік қандай мерзімде ұсынылады

Күнтізбелік тоқсан бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін салық кезеңі болып табылады.

Бөлшек салық АСР қолданатын шағын және орта бизнес субъектілері СЕН 913.00 ұсынады.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларациялар салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.