Айдар парағына өту

Санитариялық-карантиндік бақылау: түрлері мен шаралары Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 20.05.2020

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  - Қазақстан Республикасының заңдылықтары бойынша тұрғындарының денсаулығы және тұрғындардың өмір сүру ортасын қорғау мақсатында заңдылықтарды  бұзған, орын алған, алдын ала ескерту қызметін атқаратын санитариялық-эпидемиологиялық органның қызметі.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет Қазақстан Республикасында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен жүзеге асырылады.Оған жататындар:

  • республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станция;
  • мемлекеттік шекарада, аумақта, көлікте санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізетін мемлекеттік ұйым, сол сияқты мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қатысуымен ресми шаралар өткізетін мемлекеттік ұйым;
  • Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қорғайтын республикалық   ғылыми-зерттеу ұйымы;
  • мемлекеттік шуға қарсы мекеме.

Санитариялық – карантинді бақылау – Мемлекеттік шекарадан өткізілетін жүктерден жұқпалы және паразиттік ауруларды, сол сияқты адам өміріне қауіп туғызатын заттар мен өнімдерді әкелтпеу мақсатындағы бақылау.

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау обьектісінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғалары келесі бақылау түрлерін жүргізеді:

  • жеке тексерулер - жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне тікелей қауіп төндірмеу және (немесе) жою үшін арнайы тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тәуекелді бағалау негізінде мемлекеттік бақылау және қадағалау органы жоспарлаған, жағдайы.
  • жоспарланбаған - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, мүдделеріне жол бермеу және (немесе) жою үшін арнайы тексерілетін субъектіге (объектіге) инспекцияны тағайындау үшін негіз болатын нақты фактілер мен жағдайлар бойынша жеке тұлғамен заңды тұлғалардың бақылау және қадағалау органының аудиті.

ҚР аумағына ҚР заңдылықтары рұқсат етілмеген, сол сияқты санитариялық-карантиндік бақылау жүргізгенде, жұқпалы аурулар немесе жаппай жұқпалы емес аурулар немесе улану тарататын қауіпті жүктер мен тауарларды әкелуге жол берілмейді.
Жұқпалы аурулар эпидемия (індет) қаупі туған жағдайда, оның ішінде карантинде, шектелген шаралар:

  • жұқпалы аурулармен, елдермен қатынасуда уақытша жолаушылар тасымалды тоқтату (әуелік, теміржолдық, су жолымен және көліктік);
  • эпидемиологиялық сәтсіз жұқпалы аурулар табылған аумақтарға ҚР азаматтарының туристік және іскерлік мақсаттағы жол сапарларын уақытша тоқтату;
  • эпидемиологиялық сәтсіз жұқпалы аурулар табылған аумақтардың Қазақстан Республикасымен шектесетін Мемлекеттік шекараларын уақытша жабу.

Шектеулі шаралар жүргізу кезінде шұғыл басшылықпен аумақтық және республикалық төтенше эпидемияға қарсы комиссия құрылады. Шектеулі шаралар, оның ішінде карантин, бөлек обьектілерде бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шешімімен аумақтарға сәйкес емесе оның орынбасарымен жүргізіледі.
Жұқпалы аурулардың таралу және шығу қаупі болғанда, шектеулі шаралардың, оның ішінде карантиннің тізімі:

  • оба
  • тырысқақ
  • сары безгек
  • ауыр жедел тыныстық ауру белгілерінің жиынтығы
  • вирустық қан кету безгегі, оның ішінде:
  1. Эбола безгегі
  2. Марбурга ауруы
  3. Ласса безгегі
  • Фекальды-ауызды механизммен бауырдың вирустық қабынуы
  • Сүзекті-қылау аурулары
  • Сальмонеллез
  • Қан тышқақ
  • Басқа да жедел ішек жұқпасы
  • Ауа –тамшылы жұқпа
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.