Айдар парағына өту

Демалыс уақыты Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 12.03.2026

Дeмалыс уақыты - бұл жұмысшының қызметтік міндеттерін атқарудан бос кезеңінде өз қалауынша пайдалана алатын уақыт. 

Демалыс уақытының түрлері  

  1. жұмыс күні кезеңіндегі үзілістер (жұмыс ауысымы) - демалыс және тамақтану үзілісі;
  2. ішкіауысымдық және арнайы үзілістер;
  3. күнделікті демалыс (ауысымаралық);
  4. демалыс күндері (аптасайынғы үзіліссіз демалыс);
  5. мейрам күндері;
  6. еңбек демалыстары.

Демалысқа және тамақтануға берілетін үзілістер

Күнделікті жұмыстың (жұмыс аусуының) ішінде жұмыскерге ас ішуге және демалуға жарты сағаттан аз емес үзіліс берілуі қажет.

Демалуға және түскі асқа арналған үзіліс уақыты жұмыс тәртібмен, және еңбек әрі ұжым шарттарымен орнатылады.

Демалуға және түскі ас ішуге арналған уақыт жұмыс тәртібіне қосылмайды. Еңбек шарттары бойынша үзіліс берілуі мүмкін емес жұмыс орынадарда, жұмыс беруші жұмыскерге демалуға әрі ас ішуге арнайы жабдықталған жерде мүмкіндік беруі тиіс. Осындай жұмыс тізбесі, ас ішу әрі демалуға арналған орындары ұжым шартымен немесе жұмыс берушінің әрекетімен орнатылады.

Ішкіауысымдық және арнайы үзілістер

Жекелеген жұмыс түрлеріне жұмыс уақытында іске қосылатын технологиямен және өндіріс және еңбек ұйымымен келісілген, жұмысшыға ішкіауысымдық үзілістер қарастырылады;

Ашық ауада жылдың суық мезгілінде жұмыс істейтін немесе жылынбайтын кеңістіктерде жұмыс істейтін, сонымен қатар тиеу-түсіру қызметіндегі жұмысшыларға жылыну үшін жұмыс уақытына кіретін арнайы үзілістер береді;

Бір жарым жасқа дейінгі баласы бар жұмыс істейтін әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі анасы жоқ балалары бар ерлерге (асырап алыушылар) тамақтану үшін, және баланы тамақтандыруға қосымша уақыт беріледі. Қосымша уақыт келесі ұзақтықтағы жұмыстың әр үш сағаты сайын беріледі (жиі емес):

  • бір баласы барларға, — әр үзіліс отыз минуттан кем емес;
  • екі немесе одан да көп баласы барлар үшін — әр үзіліс бір сағаттан кем емес.

Жұмысшының өтініші бойынша бала тамақтандыруға қосымша уақыт демалыс және тамақтануға берілетін үзіліске қосылады, немесе келісілген үзілістер жұмыс күнінің басына немесе соңына қарай беріледі (ауысымдар).

Баланы тамақтандыруға берілетін үзілістер жұмыс уақытына қосылады.

Жыл сайынғы (ауысым аралық) демалыстың ұзақтығы

Жұмысшының күнделікті демалысының ұзақтығы (ауысымаралық) он екі сағаттан кем емес, жұмыстың аяқталуы мен келесі күннің басталуы аралығын қамтиды.

Демалыс күндері

Жұмыскерелерге апта сайын демалыс күндер беріледі.

Бес күндік жұмыс аптасында жұмысшыларға аптасына екі күн демалыс беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасы кезінде – бір күн.

Бес және алты күндік жұмыс аптасында, жексенбі жалпы демалыс күні болып санлады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні жұмыс тәртібі ережелерімен әрі ұжым шарты арқылы орнатылады.

Өндірістік-техникалық жағдайларға, халықты үздіксіз қамтамасыз ету қажеттігі жағдайында үздіксіз жұмыс істейтін орындар немесе демалыс күндері тоқтату мүмкін емес өндіріс орындарындағы жұмысшыларға демалыс күндер аптаның кез келген күні, жұмысшылардың өкілдерімен келістіріле жасалған жұмыс берушінің бекітілген актілеріне сәйкес, жұмысшылармен кезектесе отырып демалыс беріледі.

Мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтілетін Құрбан-айт, 7 қаңтар – православ Рождествосы демалыс күндері саналады.

Іссапардағы жұмысшы бағытталған жұмыс берушінің еңбек тәртібіне сәйкес берілген демалыс күндерін пайдаланады.

Демалыс және мейрам күндері жұмыс  істеу

Вахталық немесе ауысымдық жұмыс тәртібімен жұмыс істейтін жұмыскерлерді мереке және демалыс күндері іске қатыстыру үшін, осы Кодекстің 84 мақаланың 5 пунктімен көзделген жұмыскерлердің жазбаша жарастығы және жұмыс берушінің акті қажет емес.

Кодекстің 86-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа жұмыскердің жазбаша келісімімен немесе оның өтініші бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі.

Демалыс пен мереке күндері жұмыс істеген жұмыскерге оны қалауы бойынша осы кодекстің 109 мақалада көрсетілген шарты арқылы төленеді.

Мереке және демалыс күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін осы кодекстің5 пунктінің 84 мақаласымен көзделген шарттары арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің демалыс күндерді басқа жұмыс күндерге ауысуға құқығы бар.

Демалыс пен мереке кундері жұмыс істеу жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдерді іске қатыстыруға тыйым салынады.

Еңбек демалысы

Еңбек дамалысы - бұл жұмысшыны белгілі бір кезеңде оның орны (қызметі) мен орта айлық жалақысын сақтай отырып немесе әлеуметтік мақсатта жыл сайынғы үзіліссіз демалысқа босату. 

Еңбек демалысының түрлері

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.