Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Мемлекеттік органда қызметті алу (қажетті құжаттар):
Машиналарды тіркеу кезінде:
- Өтініш.
- Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат.
- "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
- Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 386-бабына сәйкес машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын құжат.
- Машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар:
- оларға мыналар жатады: азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
- сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындалуы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
- кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме;
- Машиналарды бастапқы тіркеу кезінде ‒ сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі ("Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және оларға арналған тіркемелердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 031/2012) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсына отырып кедендік декларация берілетін өнім тізбесін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 30 (бұдан әрі – № 30 Шешім) және "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсына отырып кедендік декларация берілетін өнім тізбесін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 6 (бұдан әрі – № 6 шешім) шешімдеріне сәйкес).
Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен немесе республикадан тыс жерлерден келетін машиналарды уақытша тіркеуді жүргізгенде:
- Өтініш.
- Техникалық паспорттың түпнұсқасы.
- Жалға беру, қосалқы жалдау, өтеусіз пайдалану, лизинг, қосалқы лизинг, сенімгерлік басқару, шаруашылық жүргізу, қарыз шарты немесе машиналарды иелену және (немесе) пайдалану құқығын растайтын өзге де құжат, ал уақытша әкелінген машиналар үшін ‒ машина уақытша тіркеуге қойылатын учаскенің немесе аумақтың иесінің (иеленушінің) келісімі.
- Машиналарды республикадан тыс жерлерден әкелген кезде - кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері экспорттау міндеттемесі).
Машиналарды қайта тіркеген кезде:
меншік құқығы өзгерген немесе ортақ меншік пайда болған, тоқтатылған және машиналардың ортақ иелерінің құрамы өзгерген немесе машина иелерінің (иеленушінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген жағдайларды, машина иесінің (иеленушінің) қалауы бойынша немесе машина тіркелген адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген жағдайларда:
- Өтініш.
- Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат.
- Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат.
- Машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
- азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
- сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындауы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
Қайта жабдықтау немесе ондағы нөмірленген агрегаттарды ауыстыру, арнайы жабдықты орнату және басқа да осыған ұқсас өзгерістерге байланысты машинаның түрі өзгерген жағдайда:
- Өтініш.
- Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат.
- Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат.
- Машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
- азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
- сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындауы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
Машиналарды есептен шығару кезінде (кәдеге жаратудан, қоқыстарды жоюдан, есептен шығарудан, машинаны қызмет көрсету аймағынан тыс жерге ауыстырудан басқа, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару бойынша мәміленің алдындағы әрекеттер болған жағдайда):
- Өтініш.
- Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат.
- Машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
- азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
- сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындауы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
Тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгі алған кезде:
- Өтініш.
- Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат.
- Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат.
Кәдеге жаратуға жататын машиналарды есептен шығару (шығарып тастау, есептен шығару) кезінде:
жеке тұлғалар үшін:
- Өтініш.
- Тіркеу құжаты, нөмірлік белгі.
заңды тұлғалар үшін:
- Өтініш.
- Тіркеу құжаты, нөмірлік белгі.
- Есептен шығару актісі (тіркеу құжаттары немесе сынған машиналардың мемлекеттік нөмірлік белгісі болмаған жағдайда, өтініштерде олардың жоғалу жағдайлары, орны мен уақыты көрсетіледі).
Қызмет көрсету нәтижесі
Машиналарға арналған тіркеу құжатын (телнұсқасын) және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін немесе машиналарды тіркеуден шығару туралы тіркеу құжатындағы белгі немесе машинаны уақытша тіркеу туралы анықтама беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.