Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды беру
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бағдарлама) және «Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларын кредиттеу және қаржылық лизинг механизмі шеңберінде портал арқылы кредиттер бойынша мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болады: (қажетті құжаттар):
- Порталға тіркеліңіз және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіңіз.
- Электронды нысандағы өтінімді толтырыңыз.
- Келісім нысандарының электронды нысанын толтырыңыз.
- Банктің/Лизингтік компанияның кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу мүмкіндігі немесе Бағдарламаға/Механизмге қатысуға мүмкіндік беретін шарттар бойынша кәсіпкердің қаржылық лизинг шарты/кредит бойынша сыйақы мөлшерлемені төмендету туралы оң шешімі бар электронды көшірмені (сканерленген көшірмени) бекіті.
- Кәсіпкердің жобасын іске асыруға арналған бизнес-жоспардың электронды көшірмесін (сканерленген көшірмесін) немесе жоба бойынша сараптамалық қорытындыны (техникалық-экономикалық қорытынды/банктің/лизингтік компанияның тиісті қызметкерінің экономикалық қорытындысын, егер олар болмаған жағдайда) құжаттар, жобаның мәнін ашатын басқа құжаттар).
- Тауарлардың бір мемлекеттің аумағынан - Кеден одағының мүшесінен екінші мемлекет - Кеден одағының мүшесіне (егер ол бар болса) аумағынан өтуін растайтын жүк құжаттарының электрондық көшірмесін (сканерленген көшірмесін) бекіту.
- Соңғы есепті кезеңде валюталық кірістердің тиісті деңгейінің бар екендігін растайтын құжаттырдың электронды көшірмесі (сканерленген көшірме) (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда).
- Өтінімге ЭЦҚ-ға (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
- Жеке кабинеттің «Қызмет алу тарихы» бөлімінде жазба арқылы статус бетіне өтіңіз және өтінімді мақұлдаңыз.
- Жеке кабинетте өтінімді қарау нәтижелерімен танысу.
- Құжаттар порталынан қызмет көрсету нәтижелерімен жүктеп алыңыз және басып шығарыңыз.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны/және кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, кәсіпкерлік субъектісінің санатын, кәсіпкерлік қызметінің табысы туралы ақпаратты, бюджетке төленетін міндетті берешектің болмауы бойынша мәліметтер «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттк ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде анықталады.
Заңды тұлғаның порталы арқылы сұрау салуды жүзеге асырған кезде, басшы мен заңды тұлғаның барлық құрылтайшылырын міндетті түрде келісуі талап етіледі, егер заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылатын болса, құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға басшысының келісуі қажет болады.
Келісу нысаны барлық қатысушыларға және басшылық порталдағы жеке кабинетке жіберіледі. Келісуді растау үшін қатысушы немесе басқарушы үшін жасалатын заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолымен келісу нысанына қол қою қажет.
Қызметті «Даму» КДҚ АҚ қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат, (көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (бар болса) расталған көшірме), жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама ("электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден);
- көрсетілетін қызметті алушы жобасының бизнес-жоспары, онда мыналар қамтылады:
- бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) және/немесе 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша үшінші тұлғалар мүлкінің қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері (бұл ретте мүліктің мұндай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде қамтамасыз етіледі);
- көрсетілетін қызметті беруші субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаюы немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);
Тетік бойынша:
- жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты;
- жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);
- жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);
3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);
4. соңғы есепті кезеңге валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда).
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органы отырысының хаттамасынан үзінді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама.