Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру
Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қалай алуға болады (Қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті алушы (балалары және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) өкілдікке өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсына отырып) өздері көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жеке жүгінген кезде:
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама.
- Көрсетілетін қызметті алушының шетелдік паспортының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 531 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33001 тіркелген) өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы не "Халықтын көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 4) тармақшасына сәйкес төлем қабілеттілігін растаудан босатуға арналған негіздердің болуын куәландыратын құжат;
- Азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар адамдарды және Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
- Өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне кемінде күнтізбелік 180 күн қою туралы жеке және заңды тұлғамен (Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілеттігін растайтын көрсетілетін қызметті алушылар үшін)нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған өтініш;
- "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 тіркелген) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы (028/у медицинская анықтама);
- Мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;
- Мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат.
- Сұранысқа ие кәсіптер тізбесінің талаптарына жауап беретін, оларға қатысты "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31938 болып тіркелген) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар берудің жеңілдетілген тәртібі белгіленетін адамдар – Қазақстан Республикасының ұлттық жұмыстар жіктеушісінің (бұдан әрі - ҰЖЖ) тобын және ҰЖЖ талаптарына (кәсібі, дағдыларының деңгейі мен мамандануы, диплом, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, біліктілік деңгейі) сәйкестігін көрсете отырып, салалық мемлекеттік органның қолдаухатын.
- "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына сәйкес шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялық тіркеу рәсімінен өткенін растайтын анықтама.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.