"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау
Қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Үміткердің туу туралы куәлік немесе жеке куәлік (болған жағдайда), заңды өкілдің жеке куәлігі (сәйкестендіру үшін).
- Егер үміткер ағымдағы оқу жылын аяқтамаса және оқуын жалғастырса бірінші жартыжылдықтағы, Зияткерлік мектепте оқу сыныбының алдындағы өткен оқу жылындағы үміткердің үлгерімі мен мінез-құлық табелінің көшірмесі. Қажетті құжаттар басшының қолымен және тиісті білім беру ұйымының мөрімен куәландырылуы тиіс.
Орта білім беру ұйымдарының 7-9 сыныптарында оқитын үміткерлердің, оқу бағдарламасының және білім беру деңгейінің айырмашылығына байланысты сыныптары Қазақстан Республикасы Білім беру ұйымдарының сыныптарынан ерекшеленуі мүмкін шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептердің оқушыларын қоспағанда келесі оқу жылында көрсетілетін қызметті берушінің ұқсас сыныбында қайта оқуға үміткер болуға құқығы жоқ.
- Шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарының бағдарламасы мен бағалау шәкiлiнен ерекшеленетiн бiлiм беру бағдарламасы мен бағалау шәкiлiн оқу мектебінің бағдарлама мазмұны мен бағалау шәкілін түсiндiретiн оқу үлгерімі туралы табельге ресми хаттарды қоса бередi (баға транскрипті).
- 1 Мбайттан (мегабайт) аспайтын графикалық файл түріндегі 3х4 см өлшемдегі өтініш берушінің цифрлық фотосуреті немесе құжаттарды тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында үміткердің суретін түсіру.
Фотосурет алдыңғы жағынан жеңіл фонда, бет-әлпеті ешқандай қимылсыз бейтарап түрінде және аузы жабық күйінде түсірілу керек, онда бет фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 75%-ын алу қажет.Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған кескіндерді пайдалануға жол берілмейді. Суретке түсіру кезінде бас киім мен көзілдірік киюге жол берілмейді. Көздер ашық, анық көрінуі және шашпен жабылмау қажет. Фотосурет өлшемі кемінде 450 x 600 пиксель, ажыратымдылығы дюйміне 600 пиксель (дюйм) болуы керек.
Қызмет көрсетуді тоқтата тұрудың шарттары: құжаттарды белгіленген мерзімнен кешірек ұсыну (жыл сайын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің www.nis.edu.kz интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын құжаттарды қабылдаудың бекітілген мерзімдеріне сәйкес қабылдау).
Ескерту: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысының 7-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау күні мен орны, сондай-ақ конкурс өткізу мерзімін жұмыс органы айқындайды және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат
Қызмет көрсету нәтижесі
Оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткердің рұқсаттамасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.