Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Өтінімде мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгей банкінде («Халық банкі» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ) ашылған дербес есепшотының нөмірі (IBAN).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Онлайн қызмет ҚР азаматтарына зейнетақы жасына жетуі бойынша ұсынылады: әйелдер - 61 жас, ерлер - 63 жас.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі)
- Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде өтініш береді.
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақыны және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген кезде бір өтініш.
- Жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет).
- Неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) немесе некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (бар болса).
- Өтініш берушінің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттар: өтініш берушінің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілін растайтын құжаттар:
- еңбек кітапшасы;
- еңбек кітапшасы болмаса немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса, архив мекемелерінің анықтамалары, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттардың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.
Болуына қарай сондай-ақ
- Білімі туралы құжат.
- Әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы.
- Балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама).
- "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама.
- Әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы.
- Брінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамға және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он сегізге дейінгі мүгедектігі бар балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі.
- Кеңес Одағы аумағында орналасқан мекемелер, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым қызметкері жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат.
- Әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат.
- Қазақстан Республикасына тарихи елінде тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметін растайтын құжат.
Жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растау үшін мына құжаттардың (олардың болуына қарай) біреуі ұсынылады
- Балалардың жеке басын куәландыратын құжат.
- Балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбасынан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде).
- Балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат.
- Кәсіптік орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы.
- Балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама (не азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама).
- Балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат.
- Жұмыс істемейтін әкенің жас балаларды нақты бағып-күткені фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі.
Келесі құжаттардың бірі (бар болуына қарай)
- балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
- балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбасынан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
- балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
- кәсіптік орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
- Балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама (не азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама).
- балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;
- Жұмыс істемейтін әкенің жас балаларды нақты бағып-күткені фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі.
Бұл ретте көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелмейді:
- Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамды және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерді, сексен жасқа толған қартты, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы бағып-күтуді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде сот шешімін ұсыну талап етілмейді.
Әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет кезеңдерін растайтын (олардың болуына қарай) мынадай құжаттар:
- Еңбек кітапшасы.
- Әскери билет.
- Қызмет кезеңі туралы архив мекемесінің анықтамасы.
- Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) немесе қызмет орнының анықтамасы.
- Қызметті өткеру туралы келісімшарт жасау және тоқтату негізінде қызметтік қатынастардың туындауын және тоқтауын растайтын бұйрықтың көшірмелері.
- Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметтері және халықаралық ұйымдар қызметкерлері жұбайының (зайыбының) шетелде, әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұбайларымен мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұру фактісін және кезеңін растайтын құжат.
- "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілін растайтын құжат.
Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі еңбек қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттар (олардың болуына қарай):
- Еңбек кітапшасы.
- Еңбек кітапшасы болмаса немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса, жұмыс орнынан анықтама.
- Сот шешімі.
Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді аудару туралы орталықтандырылған дерекқордың мәліметтері негізінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған кезеңдер есепке алынады.
Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтермен расталады.
Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақтылы аударылмағанда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:
- 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасы (міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер өтініш беруші еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе);
- міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.
Қосымша
Жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар, сондай-ақ нысанасы жұмысты (қызмет көрсетуді) орындау болып табылатын, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ фермерлік шаруашылық немесе шаруа қожалықтарының басшысы және мүшелеріне (қатысушыларға), өз пайдаларына міндетті зейнетақы жарналары жүргізген дара кәсіпкерлердің адамдардың міндетті зейнетақы жарналарын жүргізген кезеңдері бірыңғай жинақтаушы қорына тиісті қаржы кезеңіне тиісті төленетін кемінде жылдық міндетті зейнетақы жарналарының сомасын аударған жағдайда бір жылға теңестіріледі.
Егер көрсетілген адамдардың салынған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тиісті қаржы кезеңіне тиісті төленетін міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан аз болса, міндетті зейнетақы жарналарының кезеңі міндетті зейнетақы жарналарына енгізген сомасына пропорционалды түрде анықталады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңі 2006 жылғы 1 шілдеге дейін міндетті зейнетақы жарналарын аударған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды жүзеге асырған алдыңғы айынын айы ескеріледі.
Егер бір айдың ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару бірнеше рет жүргізілсе, жинақтаушы жүйеде қатысу кезеңі бір айды құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне "0" түзету коэффиценті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің анықтамасымен расталады.
Төтенше жағдайлар, шектеу іс-шаралары кезеңінде қызметті шектеуге байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдерді алу кезеңі орталықтандырылған дерекқордағы мәліметтермен расталады.
Құжаттарды ұсыну, оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкін болса, талап етілмейді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (2007 жылғы 13 тамызға дейін туған жағдайда), неке қию (некені бұзу) туралы куәлікті (некені 2008 жылғы 1 маусымға дейін қиған жағдайда), қайтыс болу туралы куәлік немесе хабаралма (2008 жылғы 1 мамырдан соң Қазақстан Республикасы аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты, баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік АЖ-ден алады.
Қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгілеуді, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеуді растайтын құжат.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсынғанда нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес қазақ немесе орыс тілдеріне құжатты аудару дұрыстығын куәландырады.