Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту
Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өтуді қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті онлайн алу
- Порталда Авторизациядан өту және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу және талап етілген жерге ұсыну.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (сәйкестендіру үшін).
- Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
№ 075/е нысаны бойынша берілген медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.