Порталға жүгінген кезде қызметті қалай алуға болады:
- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
- 3x4 көлеміндегі сандық фото;
- № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысаны бойынша электрондық форматта медициналық анықтама;
- ҰБТ электрондық сертификаты;
- білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік (болған жағдайда);
- ведомостан электронды үзінді (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар,жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары - көрсетілетін қызметті алушылар артықшылықты құқық және квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
- еңбек кітапшасының электронды көшірмесі;
- жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімнің электронды көшірмесі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
- қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманың электронды көшірмесі;
- мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шартының электронды көшірмесі;
- еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндінің электронды көшірмесі;
- жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндінің электронды көшірмесі;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы электрондық анықтамалар;
- мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар мүгедектігі туралы электрондық анықтамалар немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның электрондық қорытындысы;
- атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары үшін өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын электрондық анықтамалар;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін – алынған табыстары туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастырушылардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға арналған алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары).
Назар аударыңыз!!!
Көрсетілетін қызметті алушы порталда "жеке кабинетінде" ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге күнтізбелік жылдың 10-25 тамыз аралығында құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.
Қызметті ЖЖОКБҰ-дан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
- жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
- "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы электронды форматта медициналық анықтаманы;
- ҰБТ сертификаты;
- ведомостан үзінді (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
- білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар,жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары - көрсетілетін қызметті алушылар артықшылықты құқық және квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
- еңбек кітапшасы (төлнұсқа салыстыру үшін көрсетіледі);
- жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
- қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы;
- аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелері және әлеуметтік төлемдер жүргізілгені туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
- мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шартын;
- еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндіні;
- жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзінді.
1 тармақшада аталған құжат түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.