Қазақстан Республикасының аумағында ресми дилерлерден сатып алынған көлік құралдарын бастапқы тіркеу
Қызметті онлайн алу
Заңды тұлғалар:
- Порталға авторизациядан өтіп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу.
- VIN-код нөмірін енгізу.
- Тексерулер сәтті өтіп, келесі ақпараттық жүйелерде деректер болған жағдайда — ЭПЖ (электрондық паспорттар жүйесі), «АСТАНА-1» АЖ, «Жасыл даму» АЖ (утилизациялық алым төлемі) — сатып алушының ЖСН-ын енгізу.
- Өтінім берілгенге дейін үшінші тарап жүйелерінде жасалған сатып алу-сату шартының түрін тізімнен таңдап, шарттың ID (нөмірін) енгізу.
- Сұрауды ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
- Сұрауды растау үшін сатып алушыға жіберу.
Жеке тұлға (сатып алушы):
Көлік құралын қайта тіркеу туралы сұрауды растау үшін:
- Порталға авторизациядан өтіп, жеке кабинетке ( «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) кіру.
- Келісуді күтіп тұрған сұраумен танысу.
- Сұрауды толтырып, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (ГРНЗ) және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті (СРТС) алу үшін өтінім беру кезінде таңдалған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың мамандандырылған бөлімін таңдау.
- Төлем жасау:
- мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бергені үшін мемлекеттік бажды;
- көлік құралын тіркеу туралы куәлікті дайындағаны үшін мемлекеттік бажды;
- тіркеу алымын.
* Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың таңдалған мамандандырылған бөлімінің орналасқан жері бойынша жүргізілуі тиіс.
- Сұрауды ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
- Жеке кабинетте ( «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) белгіленген уақыт ішінде келіп түсетін өтінімнің өңделуі туралы хабарламамен танысу.
- Сұрауды өңдеу нәтижесі оң болып, «Сұрау мемлекеттік органмен қабылданды» мәртебесі көрсетілген жағдайда және мемлекеттік органнан оң жауап алынғаннан кейін, өтініш беруші ГРНЗ және СРТС алу үшін өтінім беру кезінде таңдалған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың мамандандырылған бөліміне жүгінуі қажет.
Өтінім беру кезінде Сатып алушы:
- eGov порталының авторизацияланған пайдаланушысы болуы және қолданыстағы ЭЦҚ-ға ие болуы тиіс;
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуде (тұрақты пропискада) болуы тиіс;
- жеке басын куәландыратын жарамды құжатқа ие болуы тиіс;
- төленбеген әкімшілік айыппұлдары болмауы тиіс.
Мемлекеттік корпорацияның мамандандырылған бөлімдерінің жұмыс кестесі:
Құжаттарды қабылдау: түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Нәтижелерін беру: сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру, не негізделген бас тарту туралы жауап.



