Қадағалау және бақылау органдары Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 10.04.2023Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.
Әкімшіліктің миссиясы Президенттің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.
Әкімшіліктің негізгі міндеттері:
- Президенттің мына салалардағы:
- сыртқы саясаты;
- әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;
- қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;
- құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;
- кадр саясаты;
- Қазақстан Республикасы Парламентіне қатысты (бұдан әрі -Парламент);
- Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі -Үкімет) және орталық атқарушы органдарға қатысты;
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне қатысты;
- соттар мен судьяларға қатысты;
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;
- жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;
- өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының (бұдан әрі - Мемлекеттік хатшы), Қазақстан халқы Ассамблеясының және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын өзге де міндеттер болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы - Бектенов Олжас Абайұлы
Байланыстары
8 (7172) 74-99-39
Ресми сайт: www.akorda.kz/
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етеді. Конституциялық Сот Төрағаны және оның орынбасарын қоса алғанда, он бір судьядан тұрады, олардың өкілеттіктері сегіз жылға созылады. Конституциялық Соттың Төрағасын лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімімен тағайындайды. Конституциялық Соттың төрт судьясын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды, Конституциялық Соттың үш-үш судьясын тиісінше Сенат пен Мəжіліс тағайындайды. Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьяларының арасынан тағайындайды.
Конституциялық Соты Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша:
- дау туған жағдайда Республика Президентiнің сайлауын, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум дұрыстығы туралы мәселенi шешедi;
- Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды;
- Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
- Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
- Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;
- Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді.
Бұдан басқа, Конституциялық Соты:
- Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес конституциялық iс жүргiзу практикасын жинақтап қорыту нәтижелерi бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау жiбередi;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасы Президентінің жолданымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабында көзделген жағдайларда соттардың жолданымдарын қарайды;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтардың жолданымдары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жолданымдарын қарайды;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жолданымдарын қарайды.
Төраға - Әзімова Эльвира Әбілхасымқызы
Төрағаның орынбасары - Нұрмұханов Бақыт Маратұлы.
Конституциялық Сотының судьялары.
Конституциялық Сот Аппаратының басшысы – Утебаева Зере Орынтайкызы.
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 13
Ресми сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk?lang=kk
E-mail: okr@ksrk.gov.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Прокуратура - орталықтандырылған және басқа мемлекеттік органдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп беретін біртұтас жүйе. Прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін Бас прокуратура, облыстардың және оларға теңестірілген прокуратуралар (Республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары), аудандық және оларға теңестірілген қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралар (әскери, табиғат қорғау, көлік, арнайы объектілердің прокуратуралары) құрайды.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Бас Прокурор басқарады, оны Парламент Сенатының келісімімен бес жыл мерзiмiне Қазақастан Республикасы Президенті тағайындайды.
Бас Прокуроры - Асылов Берік Ноғайұлы
Байланыстары
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 14 кіреберіс
Телефон: 8 (7172) 71-28-68
Ресми сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror?lang=kk
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
Төрағасы - Годунова Наталья Николаевна
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Ресми сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk
E-mail: esep01@esep.gov.kz
Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты
Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады және нормативтік қаулылар қабылдау арқылы сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндірулер беріп отырады.
Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
Жоғарғы Сотта сот алқалары және мамандандырылған құрамдар құрылады.
Мыналар:
- жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстар;
- азаматтық істер жөніндегі сот алқасы;
- қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы;
- мамандандырылған сот алқасы Жоғарғы Соттың органдары болып табылады.
Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады.
Сот алқасының сандық және дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың жалпы отырысы белгілейді. Мамандандырылған құрамдарды Жоғарғы Соттың Төрағасы жасақтайды.
Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес, халықаралық кеңес және баспасөз органы құрылады.
Жоғарғы Соттың жанында Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді.
Төрағасы - Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы
Байланыстары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бағалауды және мемлекеттік бақылау жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары болады. Агенттіктің қарамағында 2 ұйым:
- «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы.
- «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Агенттіктің миссиясы: мемлекеттік қызмет, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мемлекеттік бақылау салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
Агенттіктің негізгі міндеттері:
-
мемлекеттік қызмет, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мемлекеттік бақылау салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;
-
мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мемлекеттік қызмет туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы сақтау мәселелеріндегі қызметін үйлестіру.
Төрағасы - Жазықбаев Дархан Медеғалиұлы
Байланыстары
E-mail: adgsipk@kyzmet.gov.kz
Қазақстан Республикасы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және оның алдын алудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның үш орынбасары, оның ішінде бірінші орынбасары Төраға ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Агенттiктiң облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада аумақтық органдары бар.
Төрағасы - Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы
Байланыстары
E-mail: anticorruption@nab.gov.kz
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Агенттік қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесетін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес ҚРҰБ құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры ретінде айқындалды.
Агенттіктің міндеттері:
1) қаржы нарығын реттеу және дамыту, оның ішінде қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жасау;
2) қаржы жүйесінің орнықтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мониторингтеу;
3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының тәуекелдерге барынша ұшырайтын салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың, қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы тұтынушылар үшін ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халық үшін қаржылық сауаттылық пен қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыру;
5) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.
Төрағасы - Әбілқасымова Мадина Ерасылқызы
Байланыстары
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттіктің миссиясы: бәсекелестікті қорғау және дамыту, монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу арқылы нарық субъектілері үшін тең жағдайлар жасау.
Міндеттері:
- нарық субъектілерінің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу;
- экономикалық шоғырлануды реттеу;
- бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру.
Төраға - Омаров Марат Талғатұлы
Байланыстары
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі – мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі орталығы. Агенттік стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистика салаларына және реформалар жүргізуге жетекшілік етеді.
Агенттіктің мақсаты – мемлекеттің бәсекеге қабілеттігін арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тиімді реформаларды дайындау.
Агенттік стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты даярлайды, дамудың стратегиялық жоспарларының жүзеге асуын бағалап, мониторинг жүргізеді, мемлекеттік басқарудағы жаңа жүйені әзірлеуге жауапты негізгі орталық қызметін атқарады.
Құрамындағы Ұлттық статистика бюросы арқылы Агенттік статистика саласындағы мемлекеттік басқаруды қалыптастыру және жүзеге асыру функцияларына ие.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады және есеп береді.
Төраға - Ерғалиев Әсет Арманұлы
Байланыстары
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласында өз құзыреті шегінде реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласында өз құзыреті шегінде реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы ведомство болып табылады.
Төраға - Элиманов Жанат Қалдыбекұлы
Байланыстары