Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету
Құрметті талапкерлер!
Қызметті онлайн алу
-
Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
-
Өтініш.
- Білім туралы электрондық құжат.
- 3х4 өлшемді цифрлы фото.
- Дәрігерлік-консультациялық комиссияның электрондық қорытындысы.
- Көрсетілетін қызметті алушының артықшылықтарын растайтын электрондық құжат (екеуінің де немесе жалғыз ата-анасының да қайтыс болғаны туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдардың құжаттарын, мүгедектік туралы анықтамаларды және т.б. растайтын құжаттар).
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
-
Өтініш.
-
Білімі туралы құжат (түпнұсқа).
-
Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты (әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа).
-
Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
-
Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
-
Екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе қайтыс болу туралы хабарлама немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі).
-
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін растама құжат (бар болса).
-
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін растама құжат (бар болса).
Осы 5), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖКОБҰ дайындық бөлімдерін күшейтілген тілдік дайындықпен бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ басшысы қол қойған бітіргені туралы транскриптіні ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:
- Еңбек кітапшасы.
- Ұйымның мөрімен (егер бар болса) куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі).
- Қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметті қамтитын архивтік анықтама.
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер.
- Жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты.
- Жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер.
- Жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.
Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білім беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік, сондай-ақ ЖЖОКБҰ басшысының стипендия тағайындау туралы бұйрығы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден негіздемелі бас тарту.



