Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
Құрметті талапкерлер!
2023 жылдың тамызында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) оқуға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау басталады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы бөлімшеге оқуға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау Электрондық үкімет порталы (бұдан әрі - ҮЭП) арқылы жүзеге асырылатын болады. «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» және «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін алу үшін ЭҮП-де авторизациялану қажет.
Авторизация кезіндегі қателіктер немесе басқа да техникалық қателіктер жағдайында мәселені жан-жақты сипаттап, өтінімдерді/өтініштерді support@epvo.kz электрондық поштасына жолдауыңызды және қателіктердің скриндерін (ЖСН, мәселенің жан-жақты сипаттамасы, өтінімнің нөмірі) қоса тіркеуіңізді сұраймыз. Қосымша ақпарат алу үшін ЖЖОКБҰ қабылдау комиссияларына жүгінуге болады (қабылдау комиссияларының тізімі http://www.testcenter.kz сілтемесі бойынша қолжетімді), сондай-ақ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8(7172)741670, 8(7172)742525, 8(7172)742284.
Сонымен қатар, 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну және білім беру қызмметтерін көрсету шартын жасасу үшін ЖЖОКБҰ қабылдау комиссияларына келулеріңізді сұраймыз.
Қызметті онлайн қалай алуға болады:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлік қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Өтінімге келесі құжаттарды кірістіру:
- жоғары білім туралы құжаттың немесе интернатураны бітіру туралы куәліктің сканерленген көшірмесі (резидентураға түсу үшін);
- бағдарламалар бойынша (TOEFL, IELTS, DSH, DALF, TCF) шетел (ағылшын, француз, неміс) тілі бойынша сынақтаманы тапсыру туралы сертификаттың сканерленген көшірмесі (бар болса);
- еңбек қызметін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
- өлшемі 3x4 см. болатын цифрлік фото;
- 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама.
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.
Қызметті ЖЖОКБҰ-дан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Магистратураға немесе резидентураға түсуші тұлғалар:
- ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін түрде өтінішті.
- Жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа).
- Интернатураны бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсу үшін).
- Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
- 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет.
- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама.
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
- Шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат.
Ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 6,0.
TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 60.
TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 498.
Неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Nіveau С1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau С1/С1 деңгейі).
Француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – С1 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50 (бар болған жағдайда).
- Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін).
- Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Осы тармақтың 3), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:
- ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш.
- Білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы).
- Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
- Шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат.
Ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 5,5.
TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 46.
TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 453.
TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm), шекті балл – кемінде 460.
Неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NіveauВ2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau В2/В2 деңгейі).
Француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – В2 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50.
- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама.
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
- 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет.
- Жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат.
- Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар).
- Алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша).
Осы тармақтың 4) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
Қызмет көрсету нәтижесі
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі № 39 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және күнтізбелік жылдың 28 тамызына қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткендерге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық шығару болып табылады.