Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- 2-қосымшаға сәйкес өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- Жер учаскесінің жоспары және оның бұрыштық бұрылыс нүктелері координаталарының ведомостері.
- Көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының (түбіртектің) көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жобаланып отырған жер учаскесінің келісілген жоспары не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды беру үшін бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) береді.