Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу
Қызмет «электрондық үкімет» веб-порталында пилоттық режимде іске қосылды.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын беруге өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған адам жүгінген кезде нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектігі бар адамнан сенімхат.
Еңбекке мертігуден немесе кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдардың протездік-ортопедиялық көмек алуына өтініш берген кезде қосымша мертігуден немесе кәс:
- Өндірістегі мүгедектікке әкеп соққан жазатайым оқиға туралы.
- Кінәсінен жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауру алынған жұмыс беруші – дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Жеке басты куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, АОЖБ-ның әзірленген іс-шаралары туралы, мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы, жұмыс берушінің қызметін тоқтату туралы мәліметтер – тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, кінәсінен жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауру алынған дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны таратуды қалалық Басқарманың Мемлекеттік корпорация, жұмыспен қамту бөлімдері уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
ҰОC қатысушылары, ҰОC мүгедектігі бар адамдары және ҰОC мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамдар өтінішке ҰОC қатысушысы, ҰОC мүгедектігі бар адамы немесе ҰОC мүгедектігі бар адамына теңестірілген адам куәлігін қоса береді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Мүгедектігі бар адамдарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар ұсынуға құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жіберіледі.