Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба)көмегімен қол қойыңыз.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты туралы мәліметтер.
- Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация жұмыскері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):
Бірінші, екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
- Көрсетілетін қызметті берушінің ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен зейнетақы жинақтары бар шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
- Өтініш.
- Шетелдік паспорттың түпнұсқасы (сәйкестендіру үшін).
- Бұл ретте азаматтығы жоқ адам шетелдік паспорт ретінде азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын, шет мемлекет берген және азаматтығы жоқ адамның құқықтық мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.
- Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты туралы мәліметтер.
Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі немесе жерлеуді жүзеге асырған адам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге жеке өзі жүгінген кезде:
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің банк шоты туралы мәліметтер.
- «ЖТ МДҚ» АЖ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады.
- Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде өтініш жасаған адамның зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, өтініш жасаған адамның зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
- Өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі.
- Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты туралы мәліметтер.
- «ЖТ МДҚ» АЖ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады.
Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге үшінші тұлға немесе заңды өкіл арқылы жүгінген кезде жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша үшінші тұлға (сенім білдірілген адам немесе заңды өкіл) мына құжаттарды ұсынады:
- Үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі не заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжат.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілгенде).
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге пошта байланысы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының өтініштегі қолы нотариалды куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілгенде).
Осы Қағидалардың 20, 25 және 26-тармақтарында көрсетілген адамдар не олардың сенім білдірілген адамдары (заңды өкілдері) шет тілінде ресімделген құжаттарды ұсынған кезде құжаттардың мемлекеттік не орыс тілдеріне аудармасының болуы қажет.
Заңды күшіне енген сот актісімен айқындалған көрсетілетін қызметті алушы (жеке немесе заңды тұлға) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның зейнетақы жинақтарын алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
- Нысандағы өндірістерге жүгіну, заңды күшіне енген сот актіс.
- Алушының (сот актісінде айқындалған жеке немесе заңды тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер.
Осы қосымшада көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алуға мүмкіндік болса, оларды ұсыну талап етілмейді.
Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге зейнетақы төлемдерін алу мақсатында алушы ұсынған банктік деректемелер өзгерген жағдайда алушы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге банктік деректемелердің өзгергені туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті берушіге берілген өтініштер бойынша зейнетақы төлемдерін алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке басын куәландыратын құжатпен және көрсетілетін қызметті берушінің ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша өтінішпен не ЭЦҚ бар болса, банктік деректемелерге өзгерістер енгізу үшін көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы жүгінеді.
2) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
- қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлері;
3) Портал арқылы мынадай тұлғалар бойынша:
4) Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы – зейнеткерлік жасқа толған адамдар бойынша жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Мемлекеттік корпорацияда тіркелген өтініштер бойынша Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге зейнетақы төлемдерін алушының банк шотына аударған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініште (бар болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемін жүзеге асырғаны туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші тіркеген, бірінші және екінші топтардағы мерзімсіз мүгедектігі бар адамдар, зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері немесе жерлеуді жүзеге асырған адамдар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлері болып табылатын адамдардың, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарына сот актісі бойынша жүгінген адамдардың өтініштері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге өтініште (бар болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы зейнетақы төлемін жүзеге асырғаны туралы хабарлайды.



