Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу
Өтінімді келісу өтінім тіркелген сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде жүзеге асырылады.
Белгіленген мерзімде келісу болмаған жағдайда өтінім автоматты түрде қабылданбайды.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ арқылы қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы міндетті) алу. Тұрғын үй иесінің ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет. (егер өтініш беруші тұрғын үй иесі болмаса). Тұрғын үйдің ортақ иелерінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет (егер өтініш беруші тұрғын үйдің жалғыз иесі болмаса).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
- Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу мекенжайына енгізілген өзгертулерді тексеру үшін мекенжай анықтамасын алу парақшасына өту қажет. Түзету 10 минут ішінде енгізілетін болады.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Уақытша тіркеу басталу күні сұранымның ҚР ІІМ ақпараттық жүйесіне түскен күннен бастап саналады.
Қызметті алу үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болуы және «электронды үкімет» порталында тіркелулі болуы тиіс.
Қызмет көрсету нәтижесі
Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын мекенжайы туралы мәліметтерді "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) енгізуі.
Портал арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тұрғылықты жері бойынша тіркелген туралы хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушынының "жеке кабинетіне" жолданады.



