Білім беруге ГРАНТТАРДЫ тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!
Мемлекеттік білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 13-20 шілде аралығында «Электрондық үкімет» порталы және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады.
2023-2024 оқу жылына жоғары білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 73 061 грант бөлінді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға 3653 грант бөлінді.
Сондай – ақ, халқы тығыз, батыс және жаңадан құрылған өңірлерден жастарды оқыту үшін 5000 нысаналы грант бөлінді, оның ішінде Атырау облысынан келгендер үшін – 1500 грант, Маңғыстау облысынан – 1500, Түркістан облысынан – 500, Абай қаласынан – 500, Шымкент қаласынан – 400, Жетісу қаласынан – 300, Ұлытау қаласынан-300 грант даярлаудың келесі бағыттары бойынша бөлінді: педагогикалық ғылымдар, математика және статистика, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары.
Дайындықтың медициналық бағыттары бойынша оқуға 2700 грант бөлінді.
Шалғай өңірлерден келген талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейтін болады, олар бейнебайланыс арқылы кеңес береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ең төменгі ұпайлар төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді: http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/vazhnaya-informatsiya-dlya-uchastiya-v-konkurse-prisuzhdeniya-obrazovatelnogo-granta-2023-goda-/
Қосымша ақпарат алу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне телефон арқылы хабарласа аласыз: 8 (7172) 741670, 8 (7172) 742525, 8 (7172) 742284, 741739 және «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК call-орталығы - 8 (7172) 695069.
-
Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
-
Өтініш.
- Білім туралы электрондық құжат.
- 3х4 өлшемді цифрлы фото.
- Дәрігерлік-консультациялық комиссияның электрондық қорытындысы.
- Көрсетілетін қызметті алушының артықшылықтарын растайтын электрондық құжат (екеуінің де немесе жалғыз ата-анасының да қайтыс болғаны туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдардың құжаттарын, мүгедектік туралы анықтамаларды және т.б. растайтын құжаттар).
Жеке басты куәландыратын, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі құжат, Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты туралы мәліметтер
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Білімі туралы құжат (түпнұсқа).
- Ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификаты.
- Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
- Дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы.
- Екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру, шектеу, хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі).
- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін растама құжат (бар болса).
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін растама құжат (бар болса).
5), 6), 7) және 8) тармақшаларда аталған құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖКОБҰ дайындық бөлімдерін күшейтілген тілдік дайындықпен бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ басшысы қол қойған бітіргені туралы транскриптіні ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:
- Еңбек кітапшасы.
- Ұйымның мөрімен (егер бар болса) куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі).
- Қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат көрсетілген архивтік анықтама.
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер.
- Жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты.
- Жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер.
- Жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.
Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушіге және мемлекеттік органға жүгінген кезде:
Білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік, сондай-ақ ЖЖОКБҰ басшысының стипендия тағайындау туралы бұйрығы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден негіздемелі бас тарту