Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
*Онлайн қызметті 2008 жылғы 1 маусымнан бастап некесін тіркеген азаматтар ала алады
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Көрсетілетін қызметті алушыға алуы қажет құжаттың түрін негізге ала отырып, туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) және неке құқықтық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
- ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі.
- Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы және неке құқығы туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті алушыға алуы қажет құжат түрін негізге ала отырып кез келген тіркеуші орган АХАЖ АЖ мәліметтері негізінде береді.
Қайтыс болғаны туралы куәліктерден басқа, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер оларға қатысты тиісті акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ осы адамның (сенім білдірушінің) атынан өкілдік ету үшін уәкілетті адамға (сенім білдірушіге) жазбаша (нотариалды куәландырылған сенімхат) беріледі.
Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден растайтын құжаттар ұсынылған кезде босатылады:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының, қорғаншылар( қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар – туу туралы куәлікті тіркеу және қайталама беру үшін;
2) жеке тұлғалар – азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателіктерге байланысты азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, толықтыру, қалпына келтіру және түзету кезінде оларға куәліктер бергені үшін;
3) жеке тұлғалар – туыстарының қайтыс болуы туралы бұрын берілген куәліктерді қайта бергені немесе ауыстырғаны үшін;
4) жеке тұлғалар – бала асырап алуға және әке болуды анықтауға байланысты Туу туралы куәліктерді қайта бергені үшін.
Қызмет көрсету нәтижесі
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік немесе анықтамалар немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.