Некені тіркеуге электрондық өтініш беру
Некені тіркеуге электрондық өтініш беру туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті онлайн алу
Некені тіркеуге өтініш берушіге:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН көрсету және неке тіркелетін ЖАО тіркеу бөлімін таңдау.
- Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет.
- Болашақ ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды.
Некені тіркеуді растаушыға:
- Порталда авторизациядан өтіп және «Қызметтерді алу тарихы» тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.
- Өтінімді толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
- Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
Қызметті мемлекеттік органда алу жолы (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Ерлер мен әйелдер үшін неке (ерлі-зайыпты болу жасы) 18 жас.
Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні жүргізеді.
Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, электронды түрде, цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат