Айдар парағына өту

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 20.02.2024

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді, оны бірегей және өзгермейтін қағидаттарын ескере отырып автоматты түрде қалыптастырады. ЖСН деректерінің құрылымында пайдаланатын әртүрлі деңгейдегі ақпараттық банктік деректердің тұтастығын сақтау мақсатында оны бастапқы қалыптастырылған сәттен бастап  модификациялауға немесе қайта өңдеуге болмайды.

Қазақстан Республикасының азаматтарының  жеке сәйкестендіру нөмірін туу туралы куәлікті, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алғаш рет берген кезде қалыптастырады.

ЖСН Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің бет жағында, туған күні жазылған жердің төменгі жағында, орналасқан, 12 цифр тіркесінен тұрады, Қазақстан Республикасы азаматының паспортында ЖСН 2 бетте көрсетілген.

"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес туу туралы куәлiктi қоспағанда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Заңның 9-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген құжаттарда қалыптастырылған сәйкестендiру нөмiрi болмаған жағдайда, олар жарамсыз деп танылады.

ҚР азаматтары төлқұжатын және жеке куәлікті ЖСН-сыз қайта ресімдеу үшін тұрақты тіркелген немесе нақты болған жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (ХҚКО) ұсынуы қажет:

  • ауыстыратын паспорт немесе жеке куәлік;
  • мемлекеттік бажды төлегені туралы құжат (мемлекеттік бажды төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарды ұсынады).

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін бірінші рет жеке сәйкестендіру нөмірі тіркеу куәлігін, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатты, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін беру кезінде, этникалық қазақтар үшін қандас мәртебесін беру кезінде қалыптастырылады.

Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатының бетінде туған күні жазылған жердің төменгі жағында немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінің 2-бетінде ЖСН көрсетілмесе,  құжаттарды қайта ресімдеу үшін келген жеріндегі ішкі істер органдарына өтініш білдіруі тиіс.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.