Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау
Құрметті үміткерлер!
Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау 2026 жылғы 5-қаңтар мен 9-ақпан арасында жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін өтінішті Портал арқылы немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қабылдау комиссиясына тапсыруға болады.
Құжат қабылдау:
1) Портал арқылы тапсыру 5-қаңтар сағат 09:00-ден бастап тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда;
2) Қағаз тасымалдағышта тапсыру демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін; түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін.
Орта білім беру ұйымдарының 7-9 сыныптарында оқитын үміткерлерге Зияткерлік мектептің осы сыныптарында қайта оқу үшін үміттенуге құқығы жоқ. Өзекті өтініш болған жағдайда немесе үміткердің рұқсат қағазы болғанда заңды өкілдер Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты шеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін қайта өтініш тапсыра алмайды.
Конкурсқа орта білім беру мекемелерінде 6 сыныпта білім алатын, Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарында білім алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға жіберіледі.
Қызметті онлайн қалай алуға болады
-
Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
-
Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет):
-
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Порталға тіркеу үшін қажетті құжаттар
- Құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын үміткерлер мектептен оқу сыныбын және оқу/күнтізбелік жылын, анықтаманың берілген күнін көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі, немесе мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған аудармасы бар табельдің/анықтаманың немесе басқа да ресми құжаттың түрлі-түсті электрондық көшірмесі;
- Үміткердің цифрлық түрлі-түсті фотосуретіне қойылатын талаптар:
- алдыңғы жағынан ақшыл фонда, бет әлпеті ешқандай қимылсыз бейтарап түрінде және аузы жабық күйінде түрлі-түсті фотосурет;
- көздер ашық, анық көрінуі және оларды шашпен жаппау;
- бет әлпет фотосуреттің жалпы ауданының 70–85% құруы;
- өлшемі 1 МБ аспайтын JPEG форматта 3×4 графикалық файл;
- өлшемі кемінде 450×600 пиксель, ажыратымдылығы 80 пиксель/дюйм (dpi).
Рұқсат етілмейді:
- бас киіммен және көзілдірікпен фотосурет;
- компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған бейнелерді пайдалануға.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, туу туралы куәліктер туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Көрсетілетін қызметті берушіден қағаз тасымалдағышта қызметті қалай алуға болады (конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар):
- Конкурсқа қатысуға өтінім және келісім;
- Үміткердің туу туралы куәлігі/жеке басын растайтын құжаты (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты;
- Үміткердің заңды өкілінің жеке басын растайтын құжаты (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты;
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің талабына сәйкес үміткердің заңды өкілдері үміткердің азаматтығын растайтын құжаттар ұсынуы тиіс;
- Үміткердің ағымдағы оқу жылындағы үлгерім табелінің көшірмесі. Қажетті құжаттар басшының қолымен және тиісті білім беру ұйымының мөрімен куәландырылуы тиіс;
- Құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын үміткерлер мектептен оқу сыныбын және оқу/күнтізбелік жылын, анықтаманың берілген күнін көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі, немесе мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған аудармасы бар табельдің/анықтаманың немесе басқа да ресми құжаттың түрлі-түсті көшірмесін қосуы/тіркеуі тиіс;
- Үміткердің цифрлық түрлі-түсті фотосуретіне қойылатын талаптар:
- алдыңғы жағынан ақшыл фонда, бет әлпеті ешқандай қимылсыз бейтарап түрінде және аузы жабық күйінде түрлі-түсті фотосурет;
- көздер ашық, анық көрінуі және оларды шашпен жаппау;
- бет әлпет фотосуреттің жалпы ауданының 70–85% құруы;
- өлшемі 1 МБ аспайтын JPEG форматта 3×4 графикалық файл;
- өлшемі кемінде 450×600 пиксель, ажыратымдылығы 80 пиксель/дюйм (dpi).
Рұқсат етілмейді:
- бас киіммен және көзілдірікпен фотосурет;
- компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған бейнелерді пайдалануға.
- Сенімхат (үміткердің заңды өкілінің атынан үшінші тұлға өтініш берген жағдайда).
Қызмет көрсету нәтижесі
Конкурсқа қатысу үшін үміткердің рұқсат қағазы немесе дәлелді бас тарту.



