Онлайн сұрау Автоматтандырылған қызмет
Баспаға шығару нұсқасы
Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну
Қызметті онлайн қалай алуға болады:
- Порталда авторизациядан өтіп, «Онлайн сұратым» сілтемесін басыңыз.
- Жария кадастрлық картаға өтіп, жер учаскесін таңдаңыз, өтінім жолдарын толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз.
- Өтінімге ЭЦҚ қол қойып, «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз.
- Берілген өтінім бойынша ақпарат «Өтінімдер» бөлімінде қолжетімді.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
-
Жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Адвокат жүгінген жағдайда – адвокатты куәландыру және қорғау (өкілдік) туралы жазбаша хабарлама.
Уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар жүгінген жағдайда - дәрменсіз борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі, сырттай байқауды енгізу туралы сот ұйғарымы және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушыларды тағайындау туралы бұйрығы.
Мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясы (таратушылар) жүгінген жағдайда - тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұйрық және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат.
Мұрагерлер жүгінген жағдайда - мұраға құқық туралы куәлік.
-
Жер-кадастрлық істі сәйкестендіру үшін жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту



