Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету
Пилоттық жоба аясында Көрсетілетін қызметті алуға өтініш беру тек Батыс Қазақстан, Қостанай және Ұлытау облыстарының тұрғындары үшін қолжетімді.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті білім беру мектептерінде алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
- "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі.
- Неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда).
- Қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы, осы Қағидалардың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар санатын патронаттық тәрбиелеуге және қабылдау отбасына беру туралы уәкілетті органның шешімінің көшірмесі.
- Осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаты үшін "Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10325 болып тіркелген) бекітілген Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тергеп-тексеру актісі қоса беріледі.
Осы Қағидалардың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдардың санатын отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру қорытындысы негізінде білім беру қамқоршылық кеңесі айқындайды.
Қызмет көрсету нәтижесі
Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап.




