1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау
Қазақстан Республикасында бірінші сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталып 31 тамызға дейін жалғасады.
-
Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
-
Барлық қажетті өрістерді толтырып, файлдарды тіркеңіз.
-
Міндетті қоса берілетін құжаттар:
-
ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
-
№065-у нысанындағы медициналық анықтама
-
№052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
-
3×4 см өлшеміндегі 2 дана фотосурет.
-
Өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
-
Жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат.
-
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у «Профилактикалық екпелер картасы» нысанындағы және № 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген).
-
Баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.
Өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейінгі жұмыс күндері қабылданады.
Мектепалды даярлықтан сол білім беру ұйымында өткен және оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, өтініштерді өңірлер бойынша кезең-кезеңімен қабылдау тетігі енгізіледі.
Өңірлер бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау кестесі
|
Кезең
|
Өңірлер
|
|
27 мамыр – 31 тамыз
|
Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы
|
|
10 маусым – 31 тамыз
|
Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы
|
|
18 маусым – 31 тамыз
|
Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы
|
|
29 маусым – 31 тамыз
|
Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы
|
Қызмет көрсету нәтижесі
Қабылданған шешім туралы хабарлама:
1. Электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
2. Қызметті алушының ұялы телефон нөміріне СМС-хабарлама жіберіледі.



