Credit Control несие тарихын бақылау (мониторинг)
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді).
- «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
- Қызметке қосылу туралы хабарламамен пайда болған терезеде танысуға болады.
- SMS-хабарлама алғаннан кейін жеке кабинетте несие тарихындағы өзгертулер бойынша детализациямен танысуға болады.
Credit Control несие тарихын бақылау (мониторинг) жеке тұлғаның несиелік тарихындағы нақты бір өзгерістерді, сондай-ақ жеке тұлғаның несиелік тарихын қандай банкілердің сұрау салуларын қадағалауға мүмкіндік беретін қызмет болып табылады.
Жазылу мерзімі кезінде жеке тұлға несиелік тарихында өзгеріс болған жағдайда, арызданушыға оның несиелік тарихында ақпараттың өзгеруі туралы SMS-ескертпе келеді.
Қызмет каржылық сауаттылықты көтеруге және қарызгердің дұрыс әдеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береды. Оның көмегімен қарыздарыңыздың сомалары, төлемдердің мерзімін бұзып төлеу, «несиелік денсаулық» сияқты факторларды қадағалауға болады.
Сонымен қатар, қызмет айлакерлерден сақтанғысы келетін қазақстандықтарға да пайдалы болады. Себебі пайдаланушы өзі жасамаған іс-әрекеттер туралы хабарлама алса, тез арада керек щараларды қолдану мүмкіндігіне ие болады.
Несиелік тарих мониторингі қызметінен бас тарту кезінде төленген сома қайтарылмайды.
Назар аударыңыз, қызметке жазылу шеңберінде ұсынылатын ДНЕ-тер Бірінші кредиттік бюроның www.1cb.kz порталында алуға қолжетімді.
Жазылым ресімделген күнтізбелік ай есептік кезең болып саналады. Мысалы, егер сіз қызметті 20 қыркүйекте 3 ай мерзімге қосқан болсаңыз, онда жазылымның бірінші айы 30 қыркүйекте Астана қ. уақыты бойынша 00:00-де аяқталады. Бұл туралы пайдаланушыға несие тарихы туралы ескертулерге жазылу аясында email немесе sms арқылы хабарланады.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызмет көрсету нәтижесі
Несиелік тарихты бақылау қызметіне сәтті жазылу.



