Тегін
Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы туралы ақпаратты порталда орналастыру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту мерзімі борышкер туралы ақпаратты порталда орналастырған күннен бастап 6 айды құрайды.
Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өтінішті толтырыңыз және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қойыңыз.
Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану қызметін қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Соттан тыс банкроттыққа қалай өтініш беруге болады?
1 Қадам. Өтініш беру үшін ҚР азаматтарына id.mkb.kz сайтынан мерзімі өткен күндердің ең аз санын көрсете отырып, ағымдағы міндеттемелердің сомасын қамтитын дербес есеп (ҚР азаматтарының банкроттығы).
Бұл есеп тегін, электрондық құрылғылардан, соның ішінде мобильді құрылғылардан қол жетімді.
2 Қадам. Жеке немесе ортақ меншікте мүліктің бар екенін білу үшін, ол үшін анықтамаға тапсырыс беру қажет.
3 Қадам. Кредитормен (екінші деңгейлі банк немесе микроқаржы ұйымы) қарызды өтеу туралы құжатты қоса беру қажет.
-
банктің есеп айырысудан бас тартуы;
-
өтініштің көшірмесі немесе өтінішті электронды форматта жіберу туралы растау (банктен жауап болмаған жағдайда);
* коллекторлық агенттіктерге берешек бойынша есеп айырысу құжаты қажет емес
4 Қадам. Телефон нөмірі мен жұбайының мобильді азаматтар базасында тіркелгеніне көз жеткізіңіз. Келмеген жағдайда my.egov.kz сайтында тіркеліңіз.
5 Қадам. Соттан тыс банкроттық процедураны қолдану туралы өтінішті eGov.kz немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы немесе жақын жердегі ХҚКО бөлімшесі арқылы қағаз жүзінде жіберіңіз.
6 Қадам. Соттан тыс банкроттық процедураны қолдану туралы өтінішті толтыру кезінде 1414 қызметінен SMS – хабарлама арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге жұбайының келісімін алу, жұбайы бас тартқан жағдайда өтінім жіберуге жатпайды.
7 Қадам. Борышкердің өтінішін қарау нәтижесін Жеке кабинетте 15 жұмыс күні ішінде алу.
Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініші.
- Өтінішке қосымшаға сәйкес олардың атауы, берешек сомасы, орналасқан жері көрсетілген кредиторлардың тізбесі.
- Көрсетілетін қызметті алушының банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру шарты бойынша берешекті реттеу және (немесе) өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі.
Жиі қойылатын сұрақтар
№ |
Сұрақтар |
Жауаптар |
1 |
Несиелер мен шағын несиелерді төлеуде қиындықтар бар. Мен банкроттық туралы арыз бере аламын ба? Егер иә болса, қайда жүгінуге болады? |
Банкроттық рәсімді ҚР азаматтары келесі талаптарға сәйкес қолдана алады: Соттан тыс банкроттықта арыз беру үшін негіздер: 1.Борыш 1600 АЕК-тен аспауы 2.Қарыздың он екі ай бойы өтелмеуі; 3.Ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы; 4.Банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізуі. Сонымен қатар, Заңда келесі ерекше ережелер қарастырылған: - атаулы әлеуметтік көмекті 6 ай қатарынан алушылар үшін (мұндай азаматтар бойынша 12 ай ішінде төлемінің болмауы қолданылмайды); - берешегі бес жылдан артық өтелмеген адамдар үшін (олар бойынша мүліктің бар-жоғын тексеру және берешек сомасы бойынша шектеу жүргізілмейді). Соттан тыс банкроттықты тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша қолданылады. Сот банкроттығы азаматтар кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша 1600 АЕК–тен астам болған жағдайда қолдана алады (2023 жылы-5 млн 520 мың теңге). Бұл ретте несиені өтеу бойынша мерзімі кемінде 12 ай болуы тиіс және банктерден реттеу рәсімінен өту қажет. Сондай-ақ, заңда сотта тұрақты табыс болған кезде қарыздарды төлеуге бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін) көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану көзделген. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотпен бекітіледі. Бұл рәсімнің артықшылығы-одан кейін адам "банкрот" мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды. Бұл ретте, банкроттықтан кейін пайда болатын салдарға назар аударамыз: Сот банкроттығы, сондай-ақ соттан тыс банкроттықты қолданатындар: - бес жыл ішінде банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредиттер ала алмайды (ломбардтық микрокредиттерін алудан басқа); - олар жеті жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа рәсімін қолдана алады; - олардың қаржылық жағдайы банкроттық рәсімі қолданғаннан кейін үш жыл бойы тексеріледі. Банкроттықтың соттан тыс рәсімін қолдану үшін тиісті талаптарға сәйкес келген жағдайда азамат E-gov, E-Salyg Azamat веб-порталы және ХҚКО АЖ арқылы аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуі керек. Сот арқылы банкроттықты қолдану немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін тиісті талаптарға сәйкес келген жағдайда азамат тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа жүгінуі қажет. |
2 |
Іс сотта және сот орындаушылардың өндірісінде, мен банкроттық туралы арыз бере аламын ба немесе тым кеш пе? |
Сіз соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін белгіленген өлшемшарттарына сәйкес бола аласыз. Банкроттық рәсім қолданылған жағдайда, берешекті өндіріп алу туралы істі қарау тоқтатылуға жатады. |
3 |
Менің кредиттерім көп, жалғыз басты анамын, екі балам бар. Банкроттыққа арыз бере аламын ба? |
Сұрағынызға рахмет! Жағдайыңыз түсінікті. Егер Заңда белгіленгендей, қарызды 12 ай бойы төлемесеңіз және осы қарыздарды реттеу бойынша банктермен жұмыс жүргізілген болса, әине банкроттыққа арыз бере аласыз. Бірақ, түсініңіз оның салдары бар. Кейін 5 жыл кредит ала алмайсыз, 3 жыл Сіздің қаржылық жағдайыңыз бақылауда болады. Өтінішті наурыз айында бере аласыз. Әзірше осы кредиттеріңізді реттеу үшін банкке жүгінуіңіз қажет. |
4 |
Заңда қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу міндеттемелері тоқтатылмайтындығы көрсетілген. Алайда, қылмыстық істерге қатысты заңсыз алынған табыстар, мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы талап-қоюларға жататыны бойынша сұрақ пайда болуда? |
Cәлеметсіз бе. Иә, мұндай міндеттемелер тоқтатылмайды, сот шешімдері орындалуға жатады. |
5 |
Заң кредиторлардың берешегі жоқ, бірақ ағымдағы несиелері бар тұлғаларға қолдануы мүмкін бе? |
Жоқ, Заң 12 айдан астам берешегі бар азаматтарға ғана қарастырылған. |
6 |
Заңда жеке тұлғаның банкроттығы туралы арызымен сотқа жүгіну негіздерінің бірі қатарынан 12 ай ішінде өз міндеттемелерін орындамау болып табылатындығы көзделген. Тұлғаның 45 000 000 000 (қырық бес миллиард) теңге мөлшерінде берешегі бар, аталған тұлғадан 2020 жылы сот шешімі бойынша сома өндірілді, ал қазіргі уакытта жеке сот орындаушысы атқарушылық іс қозғады және жалақының (жалақы 450 000 теңге) 50% ұстап қалуын жүргізуде. Осы бойынша банкрот деп тану туралы сотқа жүгіну мүмкін бе? Әлде міндетті түрде жұмыстан шығып, 12 ай бойы табыс таппау керек пе, яғни несиені төлемеу қажет пе? Борышкердің жалақыдан басқа жылжымалы және жылжымайтын мүлкі жоқ. |
Азаматтың тұрақты табысы бар екенін және сот орындаушысы берешекті өтеу есебіне соманың 50% ұстап қалуды жүргізетінін ескере отырып, берешекті ішінара өтеуі бар, яғни 12 ай ішінде өтемеу фактісі жоқ. Бұдан басқа, сот шешімі бойынша өндіріп алынатын 45,0 млрд.тенге берешек сомасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, тоқтатылуға жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болып табылады. |
7 |
Жеке тұлғалардың банкроттық туралы істері ерекше өндіріс құрамына енгізіледі ме? |
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы істерді соттар Заңда белгіленген ерекшеліктермен азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалар бойынша қарайды. |
8 |
Банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы сотқа арыз берген кезде мемлекеттік баж мөлшері қандай болады? |
Ағымдағы жылға мемлекеттік баж салығы белгіленбеген, қазіргі уақытта Салық кодексіне өзгерістер енгізу, оның ішінде сотқа тиісті арыз берген кезде мемлекеттік баждың мөлшерін белгілеу бөлігі бойынша мәселе қаралуда. |
9 |
Жеке тұлғалардың банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы арыздарды қандай соттар (экономикалық немесе азаматтық) қарайды? |
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы арыздар тұрғылықты жер бойынша соттарда (азаматтық) қаралатын болады. |
10 |
Рәсім аяқталғаннан кейін банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг қалай жүзеге асырылады? |
Банкроттық рәсім аяқталғаннан кейін қаржылық жағдайдың мониторингі борышкердің деректері, сондай-ақ уәкілетті органдардың деректері бойынша жүзеге асады. Борышкердің мүлкі мемлекеттік тіркеуден өтіп, бар болған жағдайда кредиторларға тиісті хабарлама жіберіледі. Мәміленің жалған екенін сот анықтайды. |
11 |
Әдейі банкроттық белгілерін анықтау шаралары қандай? |
Әдейі банкроттық белгілерін анықтау азаматтың сот арқылы немесе соттан тыс банкроттық рәсімдерін қолдануға арыз бергенге дейін 3 жыл бұрын борышкердің қаржылық жағдайына талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Мүлікті жасыру, оны заңсыз иеліктен шығару және банкроттыққа дейінгі кезеңде азаматтың басқа да заңсыз әрекеттері фактілері анықталған кезде соттан тыс банкроттық рәсімі тоқтатылуға жатады. Сот банкроттығы рәсімінде қаржы басқарушысы осы мәмілелерді заңсыз деп тануға және мүлікті мүліктік массаға қайтаруға сот тәртібімен әрекет жасайды. Мәмілені жарамсыз деп тану туралы сот актісінің болуы рәсімнің нәтижелері бойынша банкроттан берешекті есептен шығарудан бас тартуға негіз болады. |
12 |
Қаржы басқарушысының кандидатурасын қалай және кім анықтайды? |
Қаржы басқарушысын Мемлекеттік кірістер органдары атынан уәкілетті орган тағайындайды. Осы мақсаттар үшін қаржы басқарушыларын таңдау және тағайындау тәртібі әзірленетін болады. |
13 |
Егер адам банктік қарыз шарты бойынша соттан тыс банкроттық туралы өтініш берген кезде, банк банктік қарыз шартына сәйкес борышкерден берешекті өндіріп алу туралы сотқа жүгінеді. Қалай әрекет ету қажет, заңмен қалай реттеледі? Менің ойымша, банктер 2023 жылдың наурызына дейін жаппай сотқа талап қою түсіреді. |
Заңмен (Заңның 17-бабы) "электрондық үкіметтің" веб-порталында борышкерге қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылғаны туралы мәліметтер орналастырылған күннен бастап борышкерден соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініште көрсетілген кредиторлардың міндеттемелерін орындауын талап етуге тыйым салынатыны туралы норма көзделген. Осыған сәйкес борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініште көрсетілген кредиторлардың міндеттемелерін орындауын талап етуге кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру шоты, сондай-ақ соттардың борышты өндіріп алу туралы шешімін орындау тоқтатыла тұрады. |
14 |
Егер банктер алдындағы қарыз 1 млн. теңге болып, төленбеген және ресми жұмыс жоқ болса, бірақ құны 2 млн. теңге болатын көлік бар жағдайда, банкроттық қолдануда оны алып кете ме? Бұл көлік жалғыс табыс көзі ретінде саналады. |
Иә, заң нормаларына сәйкес борышкердің мүліктік массасының құрамына меншік құқығындағы барлық мүлік кіреді. Рәсім барысында мүлік сатылуға жатады, түскен қаражат қаржы басқарушысының ағымдағы шығыстарын өтеуге және кредиторлардың талаптарын өтеуге жіберіледі. Қарыздың қалған өтелмеген сомасы есептен шығаруға жатады. Дегенмен, мүліктің құны қарыз сомасынан көп болса, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасын қолдану үшін сотқа жүгінуге міндеттісіз. |
15 |
Банкроттық туралы заң қанша мерзім аясына дейін қолданылады? |
Заңға 2022 жылдың 30 желтоқсанында қол қойылды және 2023 жылдың 1 қаңтарында ресми түрде жарияланды. Заңның негізгі нормалары 2023 жылғы 3 наурыздан бастап күшіне енеді. Оның қолданылу мерзім аясы осы Заңмен шектелмейді. |
16 |
Заң қашан күшіне енеді және қарызды есептен қалай шығара аламын? |
Банкроттықтык ешқандай салдары жоқ несиелік рақымшылықтан айырмашылығы - шектеулерінде. Яғни, 5 жыл ішінде жаңа несиелер алуға тыйым салынауы, 3 жыл ішінде қаржылық жағдайдың бақылануы. Барлығы банкроттыққа ұшырағаннан кейін азамат өзінің несиелік ұпайын төмендететінін түсінуі қажет. Сәйкесінше, оң және теріс жақтарын өлшеп, банкроттық туралы шешімді ақылмен қабылдау керек. Егер адам келесі жылдары несие алғысы келсе, онда банктер оның қаржылық мүмкіндіктерін мұқият талдайды. Заңға 2022 жылдың 30 желтоқсанында қол қойылды және 2023 жылдың 1 қаңтарында ресми түрде жарияланды. Заңның негізгі нормалары 2023 жылғы 3 наурыздан бастап күшіне енеді. |
17 |
2007 жылдан бастап ипотекалық несие болды, 2009 жылы несие төлеуді тоқтаттық, банк оны ипотекадан кәдімгі несиеге ауыстырды. Пайыздар 2015 жылға дейін есептелді. Банк пәтерді 2015 жылы сауда-саттықпен сатты, қалған бөлігін жеке тұлғаның борышы деп таныды. Содан бері банк алдында 20 миллион теңге қарыз ілулі тұр. Қарызды төлеуге мүмкіндік жоқ, жеке тұлғаға банкроттық рәсімінен өтуге бола ма? |
Бұл жағдайда, егер азаматта банкте және микроқаржы ұйымдарынан басқа, төленетін несиелер мен қарыздар болмаса, соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз бар. |
18 |
Бас бостандығынан айыру мекемесінде жазасын өтеп жатқан адам банкроттық рәсімін қолдана ала ма? |
Мүмкін, мұндай адамдар үшін қандай да бір ерекше жағдайлар мен шектеулер заңда қарастырылмаған. |
19 |
Банкроттық кезінде шетелге шығуға тыйым салынды ма? |
Борышкерге сот банкроттығы рәсімін қолдану кезеңінде (6 ай) шығуға тыйым салу белгіленді, себебі, борышкердің мүлкін сатуды жүзеге асыру кезінде тиісті құжаттарға қол қоюға тікелей қатысуы қажет. Сот шығуға тыйым салуды енгізеді, рәсім аяқталғаннан кейін тыйым алынып тасталады. |
20 |
Егер борышкер 2 жылдан астам уақыт бойы банктерде және МҚҰ-да 3 несие төлемесе, бірақ бір тауар бойынша, сомасы шағын кредитті төлеп жүрсе, Сұрақ: Соттан тыс немесе сот банкроттығына тек несиелердің бір бөлігі бойынша өтініш беріп, шағын сомалық несиені әрі қарай төлеуді жалғастырса бола ма? Әлде барлығына өтініш беру керек пе? |
Банкроттық-бұл барлық несие берушілер алдындағы банкроттық. Егер соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімдерін қолдануға арналған өтініште қолда бар кредиторлардың бірін көрсетпесеңіз, сізге рәсімдерді қолданудан бас тартылады. Бұл талап әрбір кредитордың құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында енгізілді.
|
21 |
Заңға сәйкес өтінішке қоса берілуі қажет құжаттардың бірі (сот банкроттығы рәсімін жүзеге асыру үшін) банктік қарыз шарты бойынша берешекті реттеуді борышкер растайтын құжат болып табылады. Сұрақ: егер осы банктік қарыз шарты бойынша сот шешімі және іс атқару парағы бойынша мәжбүрлеп өндіріп алуда 2 жылдан астам уақыт болса, осы құжатты қоса беру керек пе ? |
Берешекті реттеу рәсімін жүргізуді растайтын құжаттарды ұсыну туралы талап міндетті болып табылады. Іс сотта қаралғандықтан, тиісінше, бұл құжат істе бар, оны жүргізудің дәлелі ретінде тіркеу қажет. |
22 |
Жеке тұлғаны банкроттыққа беру кезінде жеке тұлғадан жеке тұлғаға берілген қарыз шарты, осы заң аясына жатқызылады ма? Яғни, мен жеке азаматтардан бизнеске ақша алып, шығынға ұшырадым (2020 ж.Пандемияда - бизнес жабылды). Қазір төлем қабілетсізбін. Менде ешқандай мүлік қалмады, қарыз шарттары бар, олар бойынша өндіріп алуға сот шешімдері бар, барлық шоттарға тыйым салынуда. Бір жылдан бері бәрі қозғалыссыз. Дұрыс жұмысқа орналаса алмаймын. Осы бойынша банкроттық кезінде менің барлық міндеттемелерім жойылады ма? |
Иә, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану мүмкіндігі бар. Жеке тұлғаның жеке тұлға алдындағы берешегі бойынша жағдай сот тәртібімен қаралатын болады. |
23 |
Егер сот арқылы банкроттық рәсімді қолдануды сот мақұлдаса, мен жұмыс үшін елден тыс жерге баруым керек жағдайларда, мұны істей аламын ба? Ешқандай шектеулер болмайды ғой? |
Сот банкроттығы рәсімін жүргізу кезеңінде (6 ай) борышкер үшін елден тыс жерлерге шығуға тыйым салынатын болады. Сот банкроттық рәсім аяқталған сәттен, тұлғалардың тізімі орналастырылғаннан кейін шектеулер алынып тасталады және азамат елден тыс жерлерге шыға алады. |
24 |
Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар азаматқа банкроттық (сот) рәсімі қолданыла ма? |
"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Заң тек Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Азаматтығы жоқ, сондай-ақ тұруға ықтиярхаты бар адамдарға заң қолданылмайды. Көші-қон мәселелерін реттейтін заңнама бойынша азаматтардың осы санаты кейіннен азаматтығын алмауы мүмкін, сондықтан Заң ережелері Қазақстан Республикасының азаматтарына және ел ішіндегі борыштарға қолданылады. |
25 |
Кепілгер (кепілгер, кепіл беруші) өз кезегінде өзін банкрот деп жариялап, соттан тыс/сот банкроттығы рәсімінен өту құқығын пайдалана ала ма? |
Заңның 22-бабының нормаларында кредитордың, оның ішінде борышкерге қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығын қалпына келтіру рәсімдерін қолдану туралы іс қозғалғаннан кейін кепілгерлерге және кепіл берушілерге талаптар қою құқығы көзделген. Борышкерге қатысты банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін кредитор банкроттық нәтижелері бойынша өтелмеген талаптарды есептен шығаруға байланысты мұндай мүмкіндіктен айырылады. Бұл ретте кепілгер (кепіл беруші) кіріс параметрлеріне сәйкестігін негізге ала отырып, өзінің (жеке) міндеттемелері бойынша заңда белгіленген рәсімдерді қолдануға өтініш жасау құқығынан айырылмайды |
26 |
Банкрот деп тану рәсімі ерікті шара болуына байланысты өзіңді банкрот деп танылмаған, бірақ қарыздарды өтемей жүрген жеке тұлғаларға қандай шаралар қолданылады? |
Заңмен борышкердің өзі өзіне қатысты соттан тыс банкроттық/сот арқылы рәсімді немесе азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді қолдауға бастамашы болады. Кредиторлар және басқа да үшінші тұлғалар азаматты банкрот деп мәжбүрлі түрде тани алмайды. Яғни, салдарлардың бар болуына қарамастан, аталған шара азаматтың жеке қалауы болып табылады. Қарыздары бар, бірақ банкроттық туралы арыз бермеген азаматтарға қатысты қаржы ұйымдар коллекторлық қызмет және атқарушылық іс жүргізу туралы заңдарының негізінде берешекті өндіруді талап етуге құқылы. Осы Заңды іске асыру банктердің қарыз алушыларына да әсер етуі мүмкін. Олар несие алғысы келетін азаматтың қаржылық мүмкіндіктерін терең саралайтын болады. Банкрот деп тану туралы арыз бермеген азаматтарға қатысты Заңмен ешқандай шаралар қарастырылмаған. |
27 |
Мемлекет қаражатынан қаржы басқарушыға ақы төлеу тек әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға ғана жүзеге асады ма? Басқа азаматтарға не істеу керек? |
Заңда қаржы басқарушылады уәкілетті орган тағайындайтындығы, азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе банкроттық туралы істі қозғау туралы сот ұйғарымынан кейін уәкілетті орган тағайындайтындығы және қаржы басқарушыға ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен 1 ЖТМ (яғни 70 000) мөлшерінде жүзеге асырылатындығы туралы көзделген. Осыған байланысты, сот банкроттық немесе төлем қабілеттілікті қалпына келіру рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда қаржы басқарушының қызметіне ақы төлеу сомасын өндіру қажет. Сондай-ақ, мүлік болмаған жағдайда банкроттық рәсім ұзаққа созылмайды. |
28 |
Егер борышкерде банктік қарыз шарты бойынша кепілде аукционға қойылған, бірақ сатылмаған жер учаскесі болатын болса, бір неше жыл жер учаскесі үшін салығы 5 миллион теңгеден асып және борышкерден өндіріп алынған болса, мүлікті сатудан түкен сома жеткіліксіз болған жағдайда, бұл ретте сот арқылы банкроттық рәсімі аясында осы жерді сату, салық пен өсімпұлдың және басқа да қарыздардың «тағдыры» қалай шешіледі? |
Сот арқылы банкроттық рәсім кезінде борышкердің барлық қарызы есепке алынады, Қарызды өтеу кезек бойынша жүзеге асады. Қалған өтелмеген талаптар, алимент, өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, қылмысық істер бойынша келтірілген залал жән сот шешімі негізінде бюджетке өндірілуге жататын қарыздарды қоспағанда шығарылады. Осылайша, егер банкроттық рәсімін жүргізу нәтижесінде борышкердің кредиторларының талаптарының тізіліміне енгізілген салық берешегінің сомасы өтелмеген немесе ішінара өтелген болса, шығаруға жатады. |
29 |
Қылмыстық іс шеңберінде өндіріп алынған қарыздар бойынша жеке тұлғаға қатысты сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға мүмкін бе? |
Егер сот шешімі бойынша туындаған қарыздан басқа тағы да қарыз болатын болса, онда ол сот арқылы банкроттық рәсімін қозғау үшін сотқа жүгінуге құқылы, бірақ оның пайда болған қарызын ескерілуі тиіс. Сот шешімдері, сонымен қатар келісім бойынша өндіріп алынған қарыздар жойылуға жатпайды. |
30 |
Жеке тұлғаның медиативтік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы негізінде берілген атқару парағы бойынша өзін банкрот деп жариялағысы келетін жеке тұлғаға қойылатын талаптары банкрот деп танылғаннан кейін тоқтатылады ма? |
Иә, егер борышкер өзін сот тәртібімен банкрот деп жарияласа және рәсім нәтижелері бойынша аталған қарыз өтелмеген болып қалса, онда ол алынады. |
31 |
Бюджетке субсидиарлық тәртіппен өндіріп алынатын қарыз бойынша сот арқылы банкроттық рәсімі қалай жүргізілетін болады? |
Егер азаматты субсидиарлық жауапкершілікке тарту шеңберінде сот шешімі бойынша өндіріп алынған қарыздан басқа: салықтар бойынша, банктік кредиттер бойынша және басқа да борыштар болса, азамат сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану үшін сотқа жүгінуге құқылы, бұл ретте субсидиарлық тәртіппен өндіріп алынған сомалар алынуға жатпайды. |
32 |
Атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға қандай жеңілдіктер қарастырылған? |
Егер азамат қатарынан 6 ай бойы АӘК алушы болып табылса, сондай-ақ оның мүлкі болмаған жағдайда және банкпен немесе микроқаржы ұйымымен қарызды реттеу рәсімінен өткен болса, онда ол соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш жасауға құқылы. |
33 |
Мұрагерлік жолмен өткен бірлескен мүлікке қатысты. Егер аталған мүлік жалғыз тұрғын үй, кепілге қойылмаған болса, азамат соттан тыс банкроттық критерийлеріне жатады ма? Өйткені сот арқылы банкроттық рәсімі кезінде кредиторлар мүлікке талап қоя алмайды, әлде егер мүлік болса, бұл сот арқылы банкроттық болып табылады ма?
|
Мүлік бар болғандықтан, соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану мүмкін емес, себебі ол осы рәсімнің кіріс параметрлеріне сәйкес келмейді. Сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану үшін сотқа жүгіну мүмкіндігі бар. Бұл ретте жалғыз тұрғын үй азаматта қалады және кредиторлар алдындағы қарызды өтеу үшін сатылуға жатпайды.
|
34 |
Егер 5,5 млн. теңгеден астам қарыздар бар болса. Бірақ жылжымайтын мүлік пен жылжымалы мүлік болмаса (киім мен телефоннан басқа), сот арқылы банкроттыққа арыз беруге болады ма? Сот арқылы банкроттыққа арыз бермес бұрын банк пен МҚҰ-дан төлем жасау туралы есеп айырысу дәлелдемелерін ұсыну қажет пе? Олай болса, оны қалай жасауға болады? |
Сіздің сұрағыңыз бойынша, азамат сот арқылы банкроттығының негіздеріне жатады. Банк және микроқаржы ұйымымен қарызды реттеуден өткені туралы растайтын құжат міндетті болып табылады. Кредитормен қарызды реттеу рәсіміне қатысты. Несиені өтеуде қиындықтарға тап болған азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу тәртібі Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданылады. Ол банктер мен микроқаржы ұйымдарына таралады. Мерзімі өткен қарыз алушылар ол басталған күннен бастап 30 күн ішінде қарыз бойынша мәселені шешу үшін банкке және/немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуге тиіс. Борышкер өз өтінішінде кешіктірудің пайда болуының себебін көрсетуі керек, мәселені шешудің өз ұсыныстарын ұсынуы керек және кірістердің төмендегені, міндеттемелер бойынша төлем жасай алмайтындығын растайтын құжаттарды ұсынуы керек. Сұратылған құжаттарды ұсынбау қарыз алушының өтінішін қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылады. Банк немесе МҚҰ өтінішті қарап, 15 күнтізбелік күн ішінде жауап береді: - шарт талаптарына қарыз алушы ұсынған өзгерістерді қабылдай отырып, келісім бере алады; - шарт талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын бере алады; - немесе бас тарта алады, бірақ себептердің дәлелді негіздемесін көрсетеді; Шартты өзгерту шарттары келесідей болуы мүмкін: - сыйақы мөлшерлемесін төмендету, - төлемді кейінге қалдыру; - қарыз мерзімін ұлғайту және т. б. Тағы бір ұсыныс ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өз бетінше сату болуы мүмкін. Егер қарыз алушы қарыз шарттары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, ол банкпен және МҚҰ-мен барлық құжаттар мен хат-хабарларды қоса бере отырып, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы. Қарызды реттеудің бірыңғай тәртібі туралы толығырақ Агенттікке "1459" нөмірі бойынша call-орталығына немесе " Fingramota Online " мобильді қосымшасы арқылы біле аласыз. |
35 |
5 жыл мерзімінен асқан Каспи банктің алдында қарыз бар. Жалғыз тұрғын үй – өртеніп кеткен және қазір аяқталмаған саяжай. 3 бала бар, ең кішісі 6 жаста. Қарыз үлкен емес, шамамен 300 000 және ол коллекторларға берілген сияқты. Бұл қарыз алынуға жатады ма? |
Көрсетілген жағдайға сүйене отырып, банк алдындағы берешекті 5 жылдан астам өтемеуге байланысты соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану мүмкіндігі бар. Бірақ банкроттық рәсімінің салдарын есте ұстанған жөн: 1) 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға шектеу; 2) банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдануға болады; 3) банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде қаржылық жағдайдың мониторингін жүргізу көзделген. |
36 |
Егер азаматтың МҚҰ мен ЕДБ алдында 4 міндеттемесі болса, 2 несиесі бойынша мерзімі 15 ай, қалған несиелер бойынша 6 ай болса, онда соттан тыс тәртіппен банкрот деп тану туралы арызбен жүгінуге бола ма? |
Азамат несиелер бойынша 1 жылдан астам мерзім өткен жағдайда соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға құқылы. Бұл ретте, бұл мерзім соңғы 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдарға қатысты ғана ескерілмейді. |
37 |
Заңда көзделген 3 рәсімнің қайсысы аяқталған кезде ҚР-дан шығуға тыйым салынады: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру? |
Борышкерге елден тыс шығуға тыйым салу сот банкроттығы рәсімін қолдану және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезеңінде ғана белгіленді, өйткені борышкер мүлкін сатуды жүзеге асыру кезінде тиісті құжаттарға қол қоюға тікелей қатысуы қажет. Рәсім аяқталғаннан кейін (соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру) шетелге шығуға шектеулер белгіленбеген. |
38 |
Азаматтың/қаржы басқарушысының заң талаптарын бұзғаны үшін немесе заңда көзделген рәсімдер шеңберінде әрекеттері/әрекетсіздігі үшін қылмыстық жауапкершілігі қарастырылған ба? |
Қылмыстық жауапкершілік әлі көзделмеген, әкімшілік жауапкершілік айыппұл мөлшері 200 АЕК дейін көзделген. |
39 |
Азамат «Оңалту және банкроттық туралы» Заңға ұқсас төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі шеңберінде қаржы басқарушысының қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламалар тізіліміне хабарламасы енгізілген тұлғамен қаржы басқарушысымен қаржы басқарушысының өкілеттігін жүзеге асыру туралы келісімді дербес жасай алады ма? |
Заң нормаларына сәйкес, қаржы басқарушылар уәкілетті органның бұйрықтарымен тағайындалады, борышкер үшін қаржы басқарушысын өз бетінше таңдау құқығы көзделмеген. Сонымен қатар, қаржы басқарушысын тағайындау туралы бұйрық шығарылғаннан кейін борышкер үшін қаржы басқарушысымен рәсімді жүргізуге байланысты мәселелер бойынша (төлем тәртібі және басқалар) келісімдер жасасуда шектеу жоқ. |
40 |
Заңның 14-бабына сәйкес азаматтардың мәмілелерін жарамсыз деп танудың нақты белгілері бар ма? |
Борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару мәміленің жалған фактісі және ҚР Азаматтық кодексінде көзделген өзге де фактілер анықталған жағдайда қойылуы мүмкін. Жасалған мәміленің ойдан шығарылуы немесе жалған болуы сотта дәлелденуі керек. |
41 |
Соттан тыс банкроттық рәсімінен өту үшін құжаттарды тапсырған кезде мерзімі өткен берешектерді реттеу шараларын растайтын құжаттарды (хаттар, банктерге, МҚҰ-ға өтініштер және бар болған жағдайда оларға жауаптар) ұсыну қажет. Сұрақ: бұл құжаттардың белгілі бір нысаны немесе үлгісі болады ма? Көптеген өтініштер азаматтарда, әдетте, ұялы телефондағы қосымша нысанда болады. Оларды қазір техникалық түрде алу мүмкін емес, тіпті банктерден сұрасаңыз да, банктердің электрондық өтініштер беру ықтималдығы төмен. Сұрақ: борышкер пайда болған қарыздың себебін (құжатпен) дәлелдеуі керек пе? |
Заңның 20-бабына сәйкес, сот арқылы банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы арызда арыз берілетін соттың атауы, кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мүмкін еместігінің негіздері және де қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс. Арызда барлық кредиторлар мен дебиторлардың тізбесі (берешек сомасын және олардың құрылған күнін, тұрғылықты жерінің немесе орналасқан жерінің мекенжайын, электрондық мекенжайларын және оларды кейіннен хабардар ету үшін телефондардың байланыс нөмірлерін (мұндай ақпарат болған кезде) көрсете отырып), мүліктің тізімдемесі, оны бағалау туралы қорытындысын қоса бере отырып (ол болған кезде), барлық кредиторлар мен дебиторлардың тізбесі, борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеуді жүргізу жөнінде шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтың хаты не Банктің жауабы) қоса беріледі. Өзге құжаттарды (дәлелдемелерді) ұсыну талап етілмейді. |
42 |
Сот арқылы банкроттық, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімінде атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкерге жүктелген ҚР - дан шығуға шектеуімен не болады? |
Заң нормаларына сәйкес, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы сот ұйғарымы шығарылғаннан кейін борышкер мүлікті беруге, төлеуге немесе мүліктік міндеттемелерді өзге де тәсілмен орындауға міндетті мемлекеттік органдардың, өзге де органдар мен ұйымдардың шешімдерін орындау шарасы тоқтатыла тұрады. Осыған байланысты атқарушылық іс жүргізу бойынша елден тыс жерлерге шығуға шектеу түріндегі шаралар тоқтатыла тұруға жатады. |
43 |
Заңның 14-бабының 1- тармағында «ҚР азаматтық заңнамасында көзделген негіздер болған кезде, егер мәмілелерді борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде жасаса, олар жарамсыз деп танылады» деп жазылған. Осы баптың механизмі мен орындылығын түсіндіруге болады ма? Мысалы: сатушы пәтерді немесе көлікті адал сатып алушыға сатады. Екі жылдан кейін сатушы банкроттыққа жүгінеді және бұл мәмілені тиісті органдардан жасырады. Сатып алушы сол баптың 3-тармағына сәйкес сатушыға мүлікті (пәтерді) қайтаруға міндетті, ал өзі (сатушының ақшасы жоқ) 40-бап бойынша тізілімнің үшінші кезегіне тұруға міндетті. Бұл жағдайда адал сатып алушылардың құқықтары қалай қорғалады? |
Мәмілелерді жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару – борышкердің де, оның кредиторларының да мүдделерін қорғаудың пәрменді тетігі. Мәмілелер сот тәртібімен жарамсыз деп танылады, мұндай талап алдау және ҚР Азаматтық кодексінде көзделген өзге де негіздер бойынша жасалған мәмілелердің жалған фактісі анықталған жағдайда қойылуы мүмкін. Жасалған мәміленің ойдан шығарылуы немесе жалған болуы сотта дәлелденуі керек. Өтініш берушінің талабын қанағаттандыру және мәмілені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі шығарылған жағдайда жауапкер мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтаруға міндетті. Бұл ретте жауапкер борышкерге талап қою құқығын алады, ол үшінші кезекте қанағаттандырылуға тиіс. Іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайларды анықтау және сот негізделген шешім шығару мақсатында жауапкерге (сатып алушыға) сот талқылауы барысында оның тарапынан тиісті мінез-құлықтың жоқтығын, мәміленің жалған белгілері жоқ екенін дәлелдеу қажет. |
44 |
Алматыда 1 бөлмелі пәтерді несиеге алған болатынмын. Сомасының үлкен бөлігін өтедім, қалғаның өтей алмадым. Каспи банк пәтерді алып кетті, бірақ мен оларға 4 миллион ғана қарыз болдым. Ұзақ уақыт бойы мәселені шешуге тырыстым, Прокуратураға да жаздым - сәтсіз. Осыған байланысты ҚР - дан шығуға тыйым салынды. Мен оларға ештеңе қарыз емес екенімді дәлелдей алмаймын, олар менен 100% пәтер алды. Сұрақ: 100% қарызымды қалай есептен шығаруға болады? |
Заңда көзделген рәсімдерді қолдану негіздеріне сәйкес келген жағдайда, сіз тиісті арызбен жүгінуге құқығыңыз бар. Соттан тыс банкроттық кезінде: 1) борыш 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспайды; 2) 12 ай ішінде өтеу жоқ болу керек; 3) тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ; 4) банкпен реттеу жүргізілген болса. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 6 ай ішінде және берешегі 5 жылдан артық өтелмейтін азаматтар үшін ерекше жағдайлар көзделген. Соттан тыс банкроттықты тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады. Сот банкроттығы, азаматтар қаржы ұйымдары алдындағы борыштар бойынша 1600 АЕК – тен астам (2023 жылы-5 млн 520 мың теңге), Басқа кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша қолдана алады. Бұл ретте несиені өтеу бойынша мерзімі кемінде 12 ай болуы тиіс және банктерден реттеу рәсімінен өту қажет. Сондай-ақ, заңда сотта тұрақты табыс болған кезде қарыздарды төлеуге бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін) көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану көзделген. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі. Бұл рәсімнің артықшылығы-одан кейін адам "банкрот" мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды. Банкроттықтан кейін пайда болатын салдарға назар аударамыз, бұл: 1) 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға шектеу; 2) банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдануға болады; 3) банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде қаржылық жағдайдың мониторингін жүргізу көзделген Банкроттықтың соттан тыс рәсімін қолдану үшін кіріс критерийлеріне сәйкес келген жағдайда азамат E-gov, E-Salyg Azamat веб-порталы және ХҚКО АЖ арқылы аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуі қажет. Сот банкроттығын қолдану негіздеріне сәйкес келген жағдайда азамат тұрғылықты жері бойынша сотқа арызбен жүгіну керек. |
45 |
Заңның 5-бабына сәйкес, уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін борышкерге қатысты мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап он сегіз айдан аспайтын мерзімде орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдер жүргізілген жағдайлар негіз болып табылады. Сұрақ: егер банкке жіберілген, бірақ 18 ай мерзімге сәйкес келетін жауабынсыз қалдырылған хатты ұсынсақ , бұл тармақтың орындалуына жатады ма? Сонымен қатар, сот шешімі бар және сот орындаушысының орындалуында, бірақ төлемі жоқ қарыз – банкроттық рәсіміне жатады ма? |
Кредиттік ұйыммен қарызды реттеу рәсімін жүргізу міндетті болып табылады. Екінші деңгейдегі банктің, микроқаржы ұйымының банктік қарыз шартының және (немесе) бас тарту себептерін негіздей отырып, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы жауаптары Заңның 16-бабында көрсетілгендей, кредиттік ұйыммен борышты реттеуден өткенін растайтын құжаттар болып табылады. Екінші деңгейдегі банк, микроқаржы ұйымы борышкердің өтінішіне жауап ұсынбаған жағдайда, рәсімнің жүргізілгенін растайтын құжат борышкердің өтінішінің көшірмесі немесе өтініштің электрондық форматта жіберілгені растау болып табылады. Сот шешімі бар және атқарушылық іс қозғалған берешекке қатысты, іс сотта қаралғандықтан, тиісінше қарызды реттеу туралы құжат бар болғандықтан, оны жүргізудің дәлелі ретінде қоса беру қажет екенін хабарлаймыз. |
46 |
Менде Каспи банкте 2 несие бар, біреуі жеке кәсіпкер ретінде, екіншісі әдеттегідей несие. Маған бұл жағдайда не істеу керек? Каспи барлық несиелерді бірге есептейді, жеке төлеу мүмкін емес. Мен банкроттыққа жеке тұлға ретінде жүгіне аламын ба? |
Қазіргі уақытта дара кәсіпкердің банкроттығына қатысты оңалту және банкроттық туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді, дара кәсіпкердің банкроттығы бойынша кредиторлар қатарына жеке тұлға ретінде кредиторлар алдындағы қарызды (жеке борыштар) қосу мүмкіндігі көзделген. |
47 |
Азаматта 4 атқарушылық іс жүргізу бар, біреуінен ұстап қалу шарасы өтіп жатыр (мүгедектігі бойынша жәрдемақы), бұл өтеу болып саналады ма? Мұндай жағдайда банкроттық рәсімі қолданылуы мүмкін бе? |
Банкроттық рәсімдерін қолдану және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі үшін азаматтың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша өтеу кемінде 12 ай кешіктіру ескеріледі. |
48 |
Бұл Заң кәсіпкерлерге қатысты бола ма? |
"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заң жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтарға қолданылмайды. Бұл ретте, дара кәсіпкердің банкроттығына қатысты оңалту және банкроттық туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді, дара кәсіпкердің банкроттығы бойынша кредиторлар қатарына жеке тұлға ретінде кредиторлар алдындағы қарызды (жеке борыштар) қосу мүмкіндігі көзделген. |
49 |
Жалғыз тұрғын үй мүліктік массаға еніп, кепілді де, кепілді де емес сауда-саттықтан сатыла ма? |
Кредитор сот банкроттығы барысында борышкердің жалғыз тұрғын үйін, егер ол кепіл нысанасы болып табылса ғана алып қоюға құқылы. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл ретінде болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды. |
50 |
Арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша мұндай өтініш берілген күні қатарынан он екі ай ішінде өтеу жоқ-дәл 12 ай ішінде қатарынан өтеу немесе жалпы кез келген өтеу (1-2 өтеу) болмауы тиіс екенін түсіну керек? 1 теңгеден немесе одан көп соманы өтеу сомасы қандай болып саналады? |
Несиені өтеу бойынша кешіктіру қатарынан кемінде 12 ай болуға тиіс, кредитор алдындағы берешек бойынша төлем шотына түскен кез келген сома өтеу сомасы болып есептеледі. |
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің порталда көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді орналастыруы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуы.
Соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.