"Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" қызметін қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Өмірбаян (еркін нысанда).
- Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтардың шыққан елдерінің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары және үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттар).
- Осы қағиданың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алған өтініш берушілер өтінішке бұрын берілген қандас мәртебесін беруге келісім туралы шешімнің көшірмесін қоса береді.
Өтініш берушілер қандас мәртебесін ұзартқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында өтінішті және бұрын берілген қандас мәртебесінің көшірмесін береді.
Өтініш берушілер қандас мәртебесін ұзартқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында өтінішті және бұрын берілген қандас мәртебесінің көшірмесін береді.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянды қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қандас мәртебесін беру кезінде - қандас куәлігін беру, қандас мәртебесін ұзартқан жағдайда - жергілікті атқарушы органның шешімі.
Мемлекеттік корпорация 1 жыл ішінде құжаттардың Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде сақталуын қамтамасыз етеді.
Өтініш берушінің сұрауы бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жергілікті атқарушы органнан бұрын алынған қандас куәлігін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен жүктеп береді не өтініш беруші қандас куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алады.