Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу
Көрсетілетін қызметті онлайн қалай алуға болады
- Порталда авторизациядан өтіп, «Онлайн сұратым» батырмасы бойынша өтіңіз.
- Барлық міндетті алаңдарды толтырыңыз және файлдарды тіркеңіз.
- Өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қою (мобильдік азаматтар базасында тіркелу міндетті).
4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.
Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да көрсетілетін қызметті қалай алуға болады: (қажетті құжаттар):
Бастапқы өтініштер кезінде:
- Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру туралы өтініш.
- Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртектер (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарылады).
- Мемлекеттік шекарадан өткені туралы белгісі бар Паспорт (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарылады).
- Таңдалған мамандық бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурулардың болмауын растайтын шетелдікті медициналық куәландыру туралы анықтама (075/у нысанындағы медициналық анықтама).
- Дактилоскопиялаудан және суретке түсіруден өткені туралы анықтама – осы Қағидаларға
- 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (көшіп келушінің алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде еңбек рұқсатын алғаны туралы мәліметтер болған кезде дактилоскопиялау және суретке түсіру жүргізілмейді).
- Медициналық сақтандыру (сканерлеуден кейін көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарылады).
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру» проактивті Мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайда (сканерлеуден кейін көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарылады).
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсатты ұзарту үшін:
- Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту туралы өтініш.
- Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртектер (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарылады).
- Бұрын еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат.
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты (сканерлеуден кейін көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарылады).
- Медициналық сақтандыру (сканерлеуден кейін көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарылады).
Қызмет көрсету нәтижесі
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.