Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу:
- ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, тағылымдамадан өтуге үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, өз бетінше оқуға түскендер санаттары бойынша (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін) конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімінің;
- мемлекеттік немесе орыс тіліндегі уәждемелік және ұсыным хаттардың электрондық көшірмесі;
әрі қарай қарау
- "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер толтырған сауалнаманың электронды көшірмесі;
- қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының электронды көшірмесі, шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда, білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты тану туралы басқа құжаттың электронды көшірмесі;
- № 907 бұйрықпен бекітілген № 082/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электронды көшірмесі (шетелге шығатындар үшін);
- бар болған жағдайда, № 318 бұйрықпен бекітілген белгіленген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен шет тілі бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың электронды көшірмесі;
- бар болған жағдайда, № 318 бұйрықпен бекітілген белгіленген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың электронды көшірмесі;
- академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлерді қоспағанда, еңбек қызметі кезеңдері үшін талап етілетін еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің электронды көшірмесі;
- мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің электронды көшірмесі;
- тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымдардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептеулерді ашып жазумен) көрсетілген шартсыз шақыруын (қаржылық шарттар мен талап етілетін деңгейге дейін шет тілін білу деңгейін арттыру шарттарын қоспағанда) растайтын құжаттардын электронды көшірмесін;
- тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар № 318 бұйрықпен бекітілген және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес жасалған тағылымдамадан өту бағдарламасының электронды көшірмесін;
- өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы және оқу кезеңі көрсетілген академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың электронды көшірмелерін (қаржылық шарттарды қоспағанда) және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжаттардың/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманың электронды көшірмесін ұсынады;
- мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер арасынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен түскендер санаттары бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың электронды көшірмелерін және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжаттардың/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманың электронды көшірмесін ұсынады;
- академиялық оқуға өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысушы немесе тізімге қосылған шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқып жатқан адамдар шетелдің жетекші жоғары оқу орындары осы дәрежені алу үшін белгілеген мерзімнен аспайтын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар жеке оқу жоспарының электронды көшірмесін ұсынады.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.